Жас дарындар шоғыры

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде және «Жастар жылы» аясында облыстық тарихи-өлкетану музейінде А.Никифоров атындағы көркем сурет мектебі оқушыларының дипломдық жұмыстары ұсынылған көрме өтті. Мақсат – дарынды жас суретшілерді қолдау және оларды анықтау, Қазақстанның қазіргі заманғы бейнелеу өнерін насихаттау. Аталмыш шараға көркем сурет мектебінің оқушылары мен оқытушылары, зиялы қауым өкілдері, суретшілер, мәдениет қызметкерлері, бейнелеу өнеріне қызығушылар қатысты.DSC_5365
 
DSC_5364– Жастар жылында жастардың шығармашылығына ерекше көңіл бөлініп, қолдау көрсетіліп жатыр. Елбасы қазіргі уақытты батыл және дарынды адамдардың уақыты деп атап көрсетті. «Жастар жылы» аясында ұйымдастырылып отырған көрменің басты мақсаты — жас суретшілердің шығармашылығы мен көркемдік білім беру құрылымдарын дәріптеу,  – дейді шара  ұйымдастырушылары.DSC_5358
 
DSC_5362
DSC_5351
DSC_5355Көрмеге әр түрлі тақырыптар мен техникада салынған 100-ден астам туындылар қойылды. Балалар шығармашылығы натюрморт, пейзаж, портрет, тарихи, мифологиялық, тұрмыстық және т.б. түрлі жанрлардағы түрлі-түсті бояуларымен, жастық қиял мен шабыттан туындаған ерекше туындыларымен таң қалдырды. Оқушыларға дарынын ашуға мектеп бітіруші сыныптардың оқытушылары көмектескен.
 
             Әсел ҚИБАШ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓