Теміржол станциясындағы дүрбелең

15 қыркүйек күні "Қайрақ" теміржол станциясында "Москва-Астана" бағытымен жүретін №71 поездың №6  вагонындағы жолаушы орнынан  шекара қызметінің қызметкерлері қолдан жасалған жарылғыш затты тауып алды. Бұл туралы тиісті органдарға хабар берілді.
затСағат 19.00-де Қарабалық ауданы ТЖ бойынша гарнизонның жеке құрамы дабыл бойынша көтерілді. Оқиға орнына ҰҚК,АІІБ, прокуратура, ЖІІБ, шекара қызметінің қызметкерлері келіп жетіп, вагондағы адамдар қауіпсіз жерге шығарылды. Вагон негізгі құрамнан ағытылып, оқиға болған жер қоршауға алынды.
Саперлер мен шұғыл топ оқиға орнын қарау барысында вагоннан түтін шашкасын тапты, жарылыс қаупі жоқ екені анықталды. Жедел тергеу тобы куәлардың көзінше шашканы тәркіледі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓