Жарайсың, Наргиз!

Қостанайлық жас әнші Наргиз Ахмедова Ресейде өткен ХІІ "Үміт жағалауы" ("Берега надежды") халықаралық байқауында Бас жүлдеге ие болды. Бұл жаңалық Қостанай облысы мәдениет үйлерінің ақпараттық порталында жарияланды.fullimage2 (1)
Беделді байқауда 5-60 жас аралығындағы 165 үміткер бақ сынаған. Олар вокал, аспаптық саз, сурет өнері, хореография, театр жанрлары бойынша өнер көрсетті.
Біздің облыстың намысын арқалай барған Қостанай педагогикалық колледжінің студенті Наргиз Ахмедова Соло аталымында 16-18 жас аралығындағы әншілер арасында жеңімпаз атанды. Наргиз байқауда екі ән орындаған. Біріншісі қазақтың халық әні болса, екіншісі – америкалық әртіс Дженнифер Хадсон репертуарындағы джаздық туынды. Қазылар шығарған қорытынды бойынша, жерлесіміз 2 кубок еншіледі. Алғашқысын өз деңгейіндегілер арасындағы өнері үшін алса, соңғысы жалпы байқаудағы айрықша дарыны үшін берілді.наргизНаргизді бұл байқауға дайындаған – Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның вокалдық топ жетекшісі, Халықаралық және Республикалық фестивальдер мен байқаулардың лауреаты, Қостанай облысы Меценаттар клубы сыйлығының иегері Наталья Когай.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓