Халқы ағайынды Бозжановтарды біле ме екен?

нурмухамбед Бозжанов

Нұрмұхамбед Құдайбергенұлы Бозжанов

Сыр елі өткен және бүгінгі    дәуірде "заманына қарай адамы дегендей" ел басқар-ған мемлекет, қоғам қайраткері болған перзенттерінен кенде болмаған. Солардың бірі, түп тамыры Сыр бойынан, нақтылап айтқанда бұрынғы Тереңөзек қазіргі Сырдария ауданының О.Мәлібаев аулынан есімі Республика жұртына уақытында белгілі болған Бозжан бидің немересі мемлекет, қоғам қайраткері, 1939-1944 жылдары Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі төрал-қасының төрағасы, Алматы облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Нұрмұхамбед Құдайбергенұлы Бозжанов еді. Ол қазақтың біртуар ұлы Кеңес Одағының Батыры, халық жазушысы, дарынды қолбасшы, ұлттың мақтанышы Бауыржан Момышұлының ержүрек политругі, батыр рота командирі, Москваны жаудан қорғауда ерлікпен қаза тапқан қанды көйлек қаруласы Жолмұхамбед (Б.Момышұлы Жолтай деп атаған) Бозжановтың туған ағасы.
Тағдыр кешегі тоталитарлық жүйедегі қоғамда екі қазақтың бірінің маңдайына жазбаған ел басқарудың жоғарғы биік лауазымына өзінің қабілет, қасиетімен жеткені туралы естелік беруді жөн көрдім. Мемлекет, қоғам қайраткері Нұрмұхамбед Құдайбергенұлы Бозжанов 1906 жылы  Торғай облысының Денисов селосында туған. 1920 жылы 14 жасқа тол-ғанда орыс кулагы Антон Провадинге жалшы болып жүріп, оқуын тастамай орталау жетінші сыныпты Денисов селосында бітіріп шығады. 1922 жылы комсомолдың қатарына өтеді. 1924 жылы  оны Қостанайдағы аумақтық кеңес-партия оқуына жібереді. Оқуды бітіргеннен кейін, сол округтегі Қарабалық аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарады. 1928 жылы БКП (б) қатарына қабылданады. 1928-1929 жылдары батырақтар комитетінің төрағасы, кейіннен жұмысшы-шаруа бақылау инспекциясының төрағасының орынбасары. 1930 жылы Жітіқара аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1931 жылы Алматыдағы партия қызметкерлерінің курсына оқуға жіберіледі. 1932 жылы Алматы облысы Октябрь ауданындағы қой кеншары партия комитетінің хатшысы. 1934 жылы Қаратал аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, қазіргі Алматы облысының Жамбыл ауданы. Осы жылдары Н.Бозжанов атақты қоғам қайраткері Ораз Жандосовпен танысып көптеген ақыл-кеңестер алып, сыйластықта болған. Ол кездері О.Жандосов Алматы облыстық атқару комитетінің төрағасы болып қызмет атқарған. Ұлы ақын Жамбыл Жабаевпен танысып, ақынның творчестволық жұмыстарымен тұрмыс-жағдайына көмек беріп, Жамбылдың өлеңдері мен айтыстарын тыңдап, қолдау көрсетіп отырған. Н.Бозжанов осы ауданда қызметте жүргенде "Жылпос" журналшы Иманбаев Жамбылдың өлеңдерін өз атымен пайдаланып, "Қазақстан әдебиеті" журналына шығарып, жалғандық жасағанын анықтап, Иманбаевтың мәселесі бюрода қаралып, ол мойындап, жалғандық жасағаны анықталады. Жамбылдың барлық өлеңдері өз атымен қайта басылып шығуына тікелей Н.Бозжанов көмек берген.
Ол өз жұмысына берілген Отанының адал ұлы бола білген. Қызметтегі принціпшілдігін мына жағдайдан білуге болады.  Бірде інісі кеншар комсомол комитетінің хатшысы молданың қызы деп бір бойжеткенді комсомол қатарынан шығарады. Бұл жағдайды естіген аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Нұрмұхамбед Бозжанов аудандық партия комитетінің бюросында комсомол комитетінің шешімін бұзып: "әкесі үшін баласы жауап бермейді", –деп қызды комсомол қатарында қалдырады. Осындай үстемшілік жасаған комсомол ұйымының хатшысын сынға алып, шара қолданған. 1929-1930 ұлы өзгерістер жылдарында Н.Бозжанов өз ауданында ұсақ шаруаларды үлкен ұжымдарға біріктіріп, мемлекет тарапынан беріп жатқан техника, қаржыға қолдарын жеткізіп, олардың  өсіп-өркендеп, дамуына ұйытқы бола білген. Нұрмұхамбед қандай да бір аудандарда басшы қызметте жүргенде халық оның қарапайымдылығы мен  іске деген қабілетіне сүйсініп, қолдап отырған. Н.Бозжанов қандай
жармухамбед Бозжаков

Жармұхамбед Құдайбергенұлы Бозжанов

да бір жағдай болмасын халықпен тіл табысып, олардың жәй-күйін назарда ұстап, олармен етене араласып, науқанды жұмыстар кезінде өзі бас болып, жұмыстың көш басында бола білген. Оның осындай азаматтық қасиеті, халықты жанына топтастырып, сенімдерінен шыға білуі Нұрмұхамбедтің қызметінің өсуіне жол ашқан. 1936 жылы ол Алматыдағы марксизм-ленинизм институтына түсіп, 1938 жылы оқу орнын аяқтағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің екінші хатшылығына қызметке жіберіледі. Сол жақтан ал-ғашқы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланады. 1939 жылы облыс астық дайындаудағы жоғарғы жетістіктерге жеткені үшін Н.Бозжанов Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталады.  1940 жылдың басында ол ҚКП(б) Ок-нің кадр жөніндегі бөлім меңгерушісінің орынбасары. Сол жылы Қазақ КСР-і Жоғар-ғы Кеңесінің сессиясында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі презедиумының төрағасы болып сайланады. Бұл кездер одақтағы өз орны бар Қазақстан Республикасының сая-си экономикалық өсу-өрлеу жылдары болатын. Н.Бозжанов осы бір жауапты қызметті өзінің іскерлік, құқықтық, конституциялық білім дәрежесінің арқасында атқарды. Ел басына күн туған соғыс жылдары республика басшылығының тізгінін тең ұстап, Қазақстан сияқты алып республиканың өндірістік, экономикалық потен-циалының өсіп-өркендеуіне мемлекеттік органдармен халықты жұмылдыра білді. Республика жеңісті жақындатудағы берік тыл-ға айналды. Соғыс жылдары Қазақстанға көшірілген өндіріс орындары мен зауыт-фабрикалардың, мәдени ошақтар мен оқу орындарының үздіксіз жұмыс істеуіне, оны ұтымды орналастыруға, әртістер мен ғалымдарға, көрнекті түрлі саладағы қайраткерлерге жұмыс істеулеріне жағдай жасауда комиссия басшысы ретінде Н.Бозжанов аянбай еңбек етті. Соғыс жылдарында Киров атындағы ауыр машина жасау зауыты, қыздар педогогикалық институты, Қазақ КСР Ғылым академиясының филиалы, Қазақ киностудиясы т.б өмірлік маңызы бар мемлекеттік әлеуметтік нысандар салынып, пайдалануға берілді. Атақты автомат қаруын жасаушы Калашниковтың алғашқы қаруы да Алматыда жасалып, сынақтан өтіп, майданға жіберіліп жатты. Майданда атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Соғыстың тағдырын жеңіспен шешудегі Қазақстан Республикасының орны ерекше болды. Осы тұрғыдан алғанда республика басшылығында болған Нұрмұхамбед Бозжановтың халқына, Отанына, еліне жасаған еңбегі ерекше еді.
1944 жылдың ортасында Н.Бозжанов Алматы облыстық партия комитетінің бірінші хатшылығына сайланады. Ол кездері ұлттардың көсемі ұлт республикаларына өз ұлттарының өкілдері басшылық жасайтын кезі келді деген талап қойған болатын. Отыз жеті жыл Қазақстанды басқа ұлт өкілдері басқарып келді. Осы талапқа байланысты және республиканың өсіп-өркендеу кезінде  үлкен ұйымдастырушылық қабілетімен саяси шындалу мектебінен өткен Нұрмұхамбед Бозжанов Мәскеуге ауысып кеткен ҚКП(б) ОК-ның бірінші хатшысы Н.С.Скворцовтың орнына лайықты бірінші кандидатура болған еді. Мұны Сталиннің өзі қолдаған екен. Н.Бозжанов Алматы обкомының бірінші хатшысы болып қызмет атқарған санаулы уақыт ішінде, астаналық партия ұйымының саяси идеологиялық, ұйымдастыру жұмыстарының пәрмен-ділігі республика партия ұйымдарында кеңінен таралып насихатталған.
жолмухамбед Бозжаков

Жолмұхамбед Құдайбергенұлы Бозжанов

Ұлы Отан соғысының шешуші 1944 жылы кеңес халқы майдандағы, тылдағы жанқиярлық еңбегінің арқасында жеңіске жақындап келе жатты. Облыстың бірінші басшысы үнемі сапарда, күнде ел аралау, халықпен кездесу, тыл еңбеккерлерінің жеңіске деген сенімін арттыруда уақытпенен санаспай еңбек етті. Халық шаруашылық жоспарларын артығымен орындау жолында жар құлағы жастыққа тимей, олардың көңіл-күйі мен моральдық рухын көтеріп, ортақ іске жұмылдыру жолындағы жиналыстар мен кездесулер облыстың барлық елді-мекендерінде Н.Бозжановтың қатысуымен жүріп жатты.
Сондай бір жиналыс Бақанас ауданындағы Күйген ауылында өтеді. Жиналысқа республика Жоғарғы Кеңесінің депутаты, облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Нұрмұхамбед Бозжанов 16 желтоқсан 1944 жылы қатысып, халықпен кездесіп, сөз сөйлейді. Жиналыс аяқталып, қызмет ұшағы АН-2-мен қайтар жолда белгісіз жағдайда ұшақ апатынан қайтыс болады.
Н.Бозжанов өзінің қысқа өмірін жарқын болашаққа арнады. Халқына, еліне адал қызмет атқарды. Оның өмірі миллиондаған еліміздің азаматтарына қалай өмір сүріп, қызмет атқарудың жар-қын жолын көрсетті. Ол Отанын, халқын сүйіп өтті. Ол тыл майданының алдыңғы шебінде Ұлы Жеңісті жақындатудағы шабуыл-ға бастаған сардардай болып өмірден өтті. Н.Бозжановтың өмірінің соңғы сәтінде өзі жиналыс өткізіп, халқымен бірге бол-ған Күйген орта мектебі Н.Бозжановтың атымен аталады. Мектептің оқытушы-оқушыларының ауыл шаруашылығында атқарған жұмыстарының қаржысымен мектеп алдында Н.Бозжановқа қоладан ескерткіш орнатылған. Өкініштісі сол өзі еңбек еткен Қостанай, Солтүстік Қазақстан, өмірінің соңғы жылдары   басқарған Алматы облысында бір көшенің Н.Бозжановтың атына берілмеуі, отбасы тұрған үйіне белгі қойылмауы өкінішті-ақ. Ол бүгінгі егеменді еліміздің негізін қалап, халқымыздың жарқын болашағы үшін қызмет бабаныда өмірін қиды.
 Рысбай Кәрімов,
ҰОС-на қатысқандарға теңестірілген еңбек ардагері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Қызылорда облысы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓