5 ауыл картадан жойылады

Бүгін, 31 қазанда Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында депутаттар облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгерістер енгізу туралы ұсынысқа дауыс берді. RNObs3Yi798hYj9V-lgОтырыс барысында Қостанай, Денисов, Әулиеөл және Қарасу аудандарынан бес ауылды жабу туралы шешім шығарылды. Осылайша, Янушев, Шыбынды (Чебендовка), Киров, Братский, Күленсай ауылдары облыс картасынан алынып тасталады. Шенеуніктер келтірген деректер бойынша, бұл ауылдардың әрқайсысында тұратын адамдар саны елуге жетпейді. 
Мәслихат шешімі күшіне енген соң жабылатын ауылдардың тұрғындары жақын маңдағы елді мекендерге тіркеледі. Мәселен, Янушев Владимиров (Қостанай ауданы) ауылының бір бөлігіне айналса, Киров ауылы Құсмұрын құрамына енбек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓