Әуреге салған видео: мәселенің мән-жайы

Өңірлік коммуникация қызметінде ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Қостанай облысына жұмыс сапарының қорытындысы талқыланды. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Зәуре Бәйменова сапар нәтижесі өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне оң ықпалын тигізгенін атап өтті. Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқарма басшысының міндетін атқарушы Олжас Сапабековтің сөзінше, «Петербург трактор зауыты» АҚ (ПТЗ) қуаты жоғары «Кировец» тракторының жаңартылған, нұсқасы Қостанай трактор зауытынан шығарыла бастағанын айтты. Жаңа зауыттың ашылу рәсіміне қатысқан Премьер-Министр Асқар Мамин жобаны жоғары бағалады. Сонымен қатар, брифингте әлеуметтік желілерде облыс әкіміне қатысты жарияланған бейнежазба сөз етілді. ТМД елдеріндегі ірі ұн зауыты – «Бест Костанай» ЖШС Видади Юсубовтың айтуынша, бұл видеодағы облыс басшысының деректері рас. Тәулігіне 1250 тонна ұн шығаратын «Бест-Қостанай» диірмен кешені «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының талаптарына толық жауап береді.

WhatsApp Image 2019-10-28 at 17.07.31

– Әлеуметтік желілер жарыса жазып жатқан видео облыс басшысының ғана емес, біздің кәсіпорынның имиджіне теріс әсерін тигізіп отыр. Архимед Бегежанұлының бейнежазбадағы айтқаны рас. Тәулігіне 600-700 тонна ұн шығаратынымызды да жоққа шығармаймын. Алайда, ол тек бір ғана инвестициялық бағыт бойынша алынған көрсеткіш. Біздің кәсіпорынның жалпы әлеуеті – тәулігіне 1250 тонна. Сол себепті, бұл видео –арандатушылардың ісі. Шынайы ақпаратқа ғана жүгінейік. Кәсіпорын басшысы ретінде ресми айтарым осы, — деді Видади Юсубов.

Сарапшылардың сөзінен тыс, әлгі бейнежазбада Үкімет басшысының аталған кәсіпорынға барғаны айтылады. Бірақ, елордалық делегацияның диірмен зауытына бармағаны белгілі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓