«Ғасырлар пернесі» – ғибратты шара

Қостанай аудандық «Алтын дән» мәдениет үйінде облыстық «Ғасырлар пернесі» қазақ халық ұлт – аспаптар ансамбльдерінің фестивалі өтеді. Фестиваль Қостанай облысының үздік көркемөнерпаз ұжымдарын насихаттау, жастар арасында ұлттық шығармаларды дәріптеу, сондай-ақ қазақ аспаптық музыкасын орындау арқылы  жастарды эстетикалық тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылады.
Афиша (1)
Облыстық халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығының қызметкерлері айтқандай, ұлттық кодты сақтауда мұндай шаралардың маңызы зор. Бүгінгі мәдениет – тұлғаның рухани-эстетикалық дамуының, жалпыұлттық бірлікті қалыптастырудың және елдің әлемдік қоғамдастыққа кіруінің қуатты құралы. Ендеше, ұлттық өнерді ұлықтауға асығайық!
 
 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓