Арзан пәтерлер Заречныйда

Бұрынғыдай емес, қазір баспана сатып алу тетігі анағұрлым жеңілдеген тәрізді. Бұл тұрғыда мемлекет тарапынан жасалып отырған жеңілдіктің де аясы ұшан-теңіз. Мәселен, қазір 1 бөлмелі пәтерге қолжеткізу үшін жинақ шотыңызда бар болғаны 1 млн теңге қаражатыңыз болса болғаны. Мұндай арзан пәтерлерді Қостанай ауданының Северный шағын ауданында бой көтерген тұрғын үйлерден алуға болады.
патер
квартира
патер3квартира2
“Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” Қостанай облыстық филиалының мамандары журналистерге баспасөз турын ұйымдастырды. Филиал директоры Дәурен Саудабаевтың айтуынша, аталмыш ауданда 11 үш және төрт қабатты тұрғын үйлер салынған. Сондықтан, “Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша осы үйлерден пәтер алуға мүмкіндік мол. 40 шаршы метр бір бөлмелі пәтер мұнда 5 млн 600 мың теңге, екі бөлмелі пәтер – 7 млн 420 мың теңге. Шаршы метрдің бағасы — 140 мың теңге. Одан да тиімді нұсқа — шағын ауданда екі үй бар, онда бір шаршы метр құны 128 мың теңге болатын бірнеше пәтер сатылмаған. Бұл үйлердің бір бөлмелі пәтері 5 млн 260 мың теңгені құрайды. Ал мұнда шаршы метр арзан, себебі үйлер 2016 жылы салынған.
-Біздің мақсатымыз өз салымшыларымызды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету. Біз осыған қатысты жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп отырамыз, бұл орайда жергілікті әкімдік пен құрылыс компаниялары да өз көмегін көрсетуде. Нәтижесінде,  қазір біз өз клиенттерімізге  таза әрлеу күйінде 1 шаршы метрі 140 мың теңгені құрайтын 65 пәтерді ұсынып отырмыз. Жаңа үйлер экологиялық таза ауданда салынған және дамыған инфрақұрылымы бар. Яғни, үйдің жанында балалар ойын алаңы, асфальтталған территория, 350 оқушыға арлған жаңа қазақ мектебі және автобус аялдамалары бар. Он минут сайын 102 маршруты жүреді, — дейді Дәурен Мұратұлы.
Пәтерді тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы сатып алуға болады. Қазір банкте 65 бір және екі бөлмелі пәтер бар. Олар бойынша байқау 13 қарашаға дейін өткізіледі. “Нұрлы жер” бағдарламасына сәйкес бастапқы жарна тұрғын үй құнының 20% құрайды. Сыйақы мөлшерлемесі — 5 пайыз. Шамамен 1,1 млн теңге құны 5 млн теңге тұратын бір бөлмелі пәтерді сатып алуға қатысу үшін жеткілікті. Ай сайынғы жарна 36-дан 64 мың теңгеге дейін болады. Бұл ретте үміткердің Қазақстан Республикасының азаматы немесе оралман статусы болуы тиіс. Сондай-ақ, өтінім беру кезінде үміткердің атына тіркелген баспананың болмауы, төлем қабілеттінін растау сияқты талаптар да қойылған.
Мемлекеттік бағдарламаға қатысып, “Северный” шағын ауданынан баспаналы болғандар да бар. Соның бірі – Оксана Николаевна. Ол қолжетімді әрі тиімді бағамен баспана алғанына өте қуанышты.
-Маған бұл аудан өте қатты ұнайды. Өмір сүруге қажеттінің бәрі бар. Инфрақұрылымы дамыған, үйдің жанында мектеп бар, азық-түлік дүкендері де жап-жақын, ойын алаңы да бар. Үй өте жылы, тіпті кейде ыстық десе де болады. Ал, қалаға жету еш қиын емес, автобус 10 минут сайын жүреді, — дейді Оксана.
 

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓