Жарнама бояу акциясы

Қостанай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы Қостанайда есірткі жарнамасын бояу бойынша акцияны жалғастыруда. Мұндай жарнамаға жедел әрекет ету үшін полиция қызметкерлері 8700-402-96-00 сенім телефоны ретінде «Ватсап» мессенджерінде хабарлау нөмірін ашты.DSC02104
Жұмыс формуласы қарапайым: ғимарат қабырғасындағы жазбаны көрсеңіз суретке түсіріп, мекен-жайын жазып жібересіз. Оқиға орнына бірден қызметкерлер барып, жарнаманы өшіреді. Бұл жұмысқа тәртіп сақшыларымен бір айдан астам жұмыс істейтін полиция волонтерлері де қосылады.
Бүгін полицейлер Қостанай қаласының №8 орта мектебінің «Жасұлан» жасағымен бірге есірткінің жарнамасын өшірді.DSC02032
— Облыста екі мыңға жуық адам есірткіге тәуелді ретінде есепте тұр. Есірткі бизнесіне қарсы күрес осы жарнаманы жоюдан басталады. Оларды «жеңіл» ақша табуды көздеген адамдар салады. Ағымдағы жылдың 9 шілдесінде Рудный қаласында кәмелетке толмаған жасөспірім есірткі жарнамасын салу кезінде қолға түсіті. Оның ата-аналарын әкімшілік жауапкершілікке тартып, 12600 теңге көлемінде айыппұл өндіріліп алынды, — деп атап өтті Қостанай облысы ПД ЕҚҚБ жедел уәкілі, полиция майоры Айгүл Ерадилова.
Бір күн ішінде полиция волонтерлері мен полиция қызметкерлері қырық жазбаны бояды. Мұндай жұмыс алда жалғасатын болады. Полицейлер облыс тұрғындарын осы жұмысқа қолдау көрсетіп, осындай фактілер туралы хабарлауды сұрайды.
 
Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓