«Business Lady Qazaqstan  – 2019»

Алдағы уақытта елімізде «Business Lady Qazaqstan» атауымен тұңғыш рет іскер әйелдердің республикалық байқауы өтеді. Басты  мақсат – әйелдер қауымын кәсіпкерлікке жұмылдыру және бизнеспен айналысатын нәзік жандыларға қолдау көрсету. Осыған орай, конкурстың аймақтық кезеңінен іріктеліп алынған кәсіпкерлікпен айналысатын 8 үміткер ақтық сында өзара бақ сынасты. Олардың қатарында Қостанай, Рудный қалаларынан қатысушылар бар.DSC_9133
DSC_9109Қатысушының жасы мен кәсіп саласына еш шектеу болған жоқ. Конкурс 3 кезеңнен тұрады. Байқаудың жергілікті кезеңінің  жеңімпазы республикалық  кезеңге жолдама алатын болады, – дейді  байқау ұйымдастырушысы Сәуле Қайсар.DSC_9228
Байқаудың шешуші сынында үміткерлер бірнеше тапсырманы орындады. Олар алдымен қазыларға өздерінің кәсібін бейнероликте көрсетті. Екінші кезеңде шығармашылық өнерлерін паш етті. Ең қызығы – үшінші сын. Онда жергілікті бизнес-ханымдар елімізге танымал адамдар қойған сұрақтарға жауап берді.DSC_9206
Қазылар алқасының шешімімен Рудныйлық жас кәсіпкер Анна Насибуллина Қостанай өңірінің «Үздік бизнесвумены» атанды. Асығы алшысынан түскен аруымыз байқаудың республикалық кезеңінде Қостанай өңірінің намысын қорғайтын болады.DSC_9267
DSC_9281
 
Әсел ҚИБАШ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓