Өндіріс орындарында болды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанайдағы кәсіпорындарды аралады. Аймақ басшысы бұл туралы "Инстаграм" желісіндегі жеке парақшасында жазды. 4Қостанай қаласының солтүстік өнеркәсіптік аймағындағы "BEEF EXPORT GROUP" ЖШС компаниясы қуаты жылына 110 мың бас ІҚМ және 132 мың бас ҰҚМ өндейтін заманауи ет комбинаты кешенінің құрылысын жүргізуде. Бұл жоба "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында жеке және тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылады. Жобаның жалпы құны – 5,3 млрд теңге. Мүдделі мемлекеттік органдарға осы жобаны іске асыруда барынша қолдау көрсетіп, бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары негізінде жетіспейтін өндірістік инфрақұрылымды жүргізу мүмкіндігін қарастыруды тапсырдым. Сондай-ақ, "Қарасу Ет"ЖШС ет өңдеу кешенінің өндірісімен таныстым. Кәсіпорын етті қайта өңдеумен және шұжық өнімдерін дайындаумен айналысады. Кәсіпорынның жобалық қуаты – жылына 5000 тонна ет", — деп жазды облыс әкімі.1
3
2

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓