Бұл үйде Кәрімұлы Жәзит тұрған…

Қазақстан ауыл шаруашылығының үздігі, тәуелсіз еліміздің агроөнеркәсіп саласына ұшан-теңіз үлес қосқан білікті басшы, «Қарабатыр» Агрофирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізін қалаған бірегей қайраткер Жәзит Кәрімұлы Құдайқұловтың Қостанай қаласындағы өзі тұрған Әл-Фараби даңғылы №19 үйде ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты болды. Оған билік өкілдері, марқұмның замандастары, қызметтестері, қамыстылық жерлестері, ізбасар шәкірттері, туыстары мен БАҚ өкілдері қатысты.IMG_7291
Жәзит Құдайқұлов 1938 жылы 17 мамырда Қостанай облысының бұрынғы Орджоникидзе ауданының Фрунзе ұжымшарында ауыл басқармасы Кәрім Құдайқұловтың шаңырағында дүниеге келді. Ел қорғаған батырлар мен қара қылды қақ жарған билердің ұрпағы тегіне тарта білді. Алғашқы еңбек жолын 1957 жылы Орқаш кеңшарында көлік жүргізушісі болып бастап, 1968 жылы Камишнин аудандық партия комитетінің нұсқаушысы болып тағайындалған ол көп ұзамай Ворошилов кеңшарының коммунистері ауылдың партия ұйымы хатшылығына сайлады. Алматы жоғары партия мектебі мен мемлекеттік ауыл шаруашылық институтының түлегі. 1979 жылы Талдыкөл кеңшарының директоры болған Жәзит Кәрімұлы 1987 жылдан бері сол кездегі Ворошилов, бүгінгі Қарабатыр ауылына басшы болып бекітілді. 2013 жылы 22 қыркүйекте дүние салғанға дейін ауылды көтерумен қатар, облыс, еліміздің ауыл шаруашылығы саласына зор үлесін қосты. Шетелдік озық тәжірибе енгізген жаңашыл басшы ретінде көпшілікке танымал.IMG_7249
 
IMG_7199
IMG_7204— Ауылды көтеріп, халықтың ауқатын арттыру жолында тәуекелге барды және қойған мақсатына жетпей қойған жоқ. Жәзит Құдайқұловтың ерен еңбегі нарық қыспаққа алған тоқсаныншы жылдары жарық көрінді десек, артық емес. Ауыл іргесінің сөгілуіне жол бермеген, бар дүниені талан-тараж қылмай, жұртты жұмылған жұдырықтай ете білді. Қазіргі таңда аты аңызға айналған «Қарабатыр» Агрофирмасы» ЖШС-не Тұңғыш Президентіміздің өзі «жаңа дәуірдің алғашқы қарлығашы» деген жоғары баға берсе, оның басшысын «еліміздің тұңғыш помещигі» деп атады. Біз еңбек ерінің жасаған қызметін ұмытпаймыз, — деген облыс әкімінің бірінші орынбасары  Ғауез Нұрмұхамедов аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтің арнайы құттықтауын жолдады.IMG_7273
Жәзит Кәрімұлы сонымен қатар, «ҚР ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу ұйымдары одағының» төрағасы, ТМД, Азия мен Африка елдерінің агроөнеркәсіп кешендері кеңестеріне мүше, білікті маман, елге Атымтай Жомарт меценат ретінде танымал. Қазіргі таңда қайраткердің тікелей тәрбиесін көрген, тәжірибесін алған 170 ізбасары бар. Осыншама еңбек жасап отырған білікті басшының Қамысты өңірі ғана емес, облыс, республика, тіпті, шетелдерге дейін атағының кетуі заңды еді.IMG_7317
 
IMG_7301
IMG_7340Жәзит Кәрімұлымен қызметте әріптес, өмірде етене жақын араласқан замандас, достары аз емес. Мемлекет және қоғам қайраткері, Қостанай облысының құрметті азаматы, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Кенжебек Укин, жақын досы, Қазақстанның құрметті журналисі Сергей Харченко, замандасы, жерлес інісі Бектай Жүсіпов бірегей тұлға жайында өздерінің жылы лебіздерін жеткізді.IMG_7278
Мемориалдық тақтаның бетіндегі ақ сисепті марқұмның жары Жұмакүл Әнәпияқызы мен Құдайқұлов әулетінің досы, ҰҚК отставкадағы полковнигі Естай Байқасов түсірді. Салтанатты жиыннан кейін жиналған жұртшылық Жәзит Кәрімұлының құрметіне жайылған дастарханда құран оқып, дұға бағыштады.IMG_7353
 
IMG_7358
IMG_7365
IMG_7366
IMG_7372Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓