Сәби күлкісі – шаңырақ берекесі

фото copyҚыркүйек айының басында Мемлекет басшысының Жарлығымен "Отбасы күні" аталып өтті. Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу қоғамда адамгершілікті қа-дірлеуге, ерлі-зайыпты жандардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған. "Отанға деген сүйіс-пеншілік отбасынан басталады" деп бекер айтылмаса керек. Өйткені, отбасы – маңызды әлеуметтік орта. Жанұядан алған дұ-рыс тәрбие кез-келген адамның қоғамда жақсы азамат болуына септігін тигізеді.
Елбасы "Мемлекет – отбасыдан басталатынына" және біздің қоғамда отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына айрықша назар аударып отыр. Мереке қарсаңында прокуратура қабырғасында бірін-бірі ұнатып, бірге қызмет атқара жүріп, шаңырақ құрған жандар туралы айт-қым келеді. Олар – Ермұханбетовтер, Бекбосыновтар, Ибраевтар, Құрмановтар, Раисовтар, Қабидуллаевтар және Ерғалиевтер отбасы.
Осылардың арасынан Ермұханбетовтер отбасына ерекше тоқталып өткім келеді. "Отбасы – шағын мемлекет" демекші, тату-тәтті, бірлікте ғұмыр кешіп жатқан қарапайым қазақ отбасы. Отанасы Бибінұр болашақ жолдасымен осыдай он бес жыл бұрын прокуратураның кеңсе қызметінде жұмыс істеп жүргенде танысты. Ол кезде Бекжан Қостанай қаласының ІІБ тергеушісі еді. Қазір ол облыс прокурорының көмекшісі. Әр адам өмірінде отбасылық бақытты сезінуге тырысады емес пе. Сол сияқты Бибінұр да өзінің болашақ жарымен өз отбасын құруды армандады. Бірін-бірі ұнатқан екі жас 1999 жылы Арқалық қаласында некелерін қиып, шаңырақ көтерді.
Олардың өміріндегі ең бақытты сәттерінің бірі – тұңғыштарының дүниеге келуі. Сөйтіп, олар 2000 жылы бірі – әке, екіншісі – ана атанды. Бекжан мен Бибінұрдың қазір арыстай төрт ұлы бар. Әр бала дүниеге келген сайын қам-қорлық та арта түсетіні белгілі емес пе. Бірақ оларға туған-туыстары үнемі көмектесіп, қол ұшын береді. Ұлдары өте тәртіпті, тату-тәтті және зерек. Үлкен ұлы – Әді-лет дарынды балаларға арнал-ған қазақ-түрік лицейінің 9 сыныбында, екінші ұлы – Арсен Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның 5 сыныбында оқып жүр. Екі кішкентай бүлдіршіндері – Алдияр мен Заңғар балабақшаға барады.
– "Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет" демекші, сыйласу арқылы бірлікте өмір сүреміз. Балаларымыздың еркелігін, шалыс басып, қателік жасағандарын түсініп, кешіре біліп, ақыл-кеңесімізді аямай, жақсылыққа итермелеуден жалықпаймыз. Бір-бірімізді демеп, сүйеу бола біліп, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан қалмаудан үміттенемін. Біз үшін ең бастысы – балаларымыздың бақыты, – дейді отанасы Бибінұр.
Отбасылық құндылықты нығайту – бұл еліміздің маңызды міндеттерінің бірі. Әрине, бұл өмірде маңызды нәрселер өте көп:  бейбітшілік,  байлық, атақ, табыс… Бірақ, бәрінен де маңыздысы – сәбидің күлкісі!  Ал сәбидің күлкісі –  жанұяның берекесі.
Рысқаным ТҰЛАНОВА,
Қостанай облысы прокурорының аға көмекшісі.
Суретте :  Ермұханбетовтер отбасы.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓