Халықаралық турнир өтеді

16-21 шілде аралығында Қостанайда бокстан Орал мен Қорған Әйтеновтерді еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.бокыс
ҚР Бокс федерациясы хабарлағандай, жарысқа Қазақстан жастар құрамасына бөлек алыс-жақын шетелдерден де былғары қолғап шеберлері келіп, бақ сынамақ. Турнирдің ашылу салтанаты 16 шілде күні сағат 15:00-ге жоспарланған. Дәстүрлі турнир Қостанайда 20-шы рет өткізілгелі отыр.
Айта кетейік, аталған жастар арасындағы турнирге кезінде Геннадий Головкин, Серік Сәпиев, Бақтияр Артаев және Иван Дычколар қатысқан.
 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓