Мамонт тісі табылды

Әулиекөл ауданының Тимофеев ауылы маңынан жергілікті тұрғын мамонттың тісін тауып алған. Қазір ол ауылдық мектептің музейінде тұр. Бұл туралы "КН" сайтының тілшісі жазды.мамонт
Облыстық өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Андрей Андрющенко бұл археологиялық олжа туралы пікір білдірген. Ол мұндай ежелгі жануардың сүйектері әсіресе облыстың солтүстік бөлігінде жиі кездесетінін айтады. "Солтүстік мекендерде мұндай қалдықтарды жиі табылады әрі олар жақсы күйде сақталған болып келеді. Мамонт жер бетінен, жобамен, 18-20 мың жыл уақыт бұрын жойылған. Жекелеген бөлшектер көп кездеседі, ал тұтастай сүйек табыла бермейді. Қырық жыл бұрын Рудный маңында су құбыры арығын қазу кезінде тұтастай қаңқа табылған болатын. Ол әлі күнге дейін музейімізде сақтаулы тұр", — дейді ол.
Айтуынша, зілдің бар болғаны алты тісі болады – екі азу және төрт үккіш тіс. Үккіш тіспен ол тіпті ағаш бұтақтарын шайнай алатын болған. Олар өте қатты азықтарды тұтынуға қабілетті келген. Мамонттардың тісі өмірінде 6-8 рет жаңаратын болған екен.
 
Сурет "КН" сайтынан алынды

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓