Киберқылмыс өршіп тұр

Қостанай облысында, осы жылдың бес айдағы қорытындысы бойынша, интернетпен байланысты қылмыс санының өсуі өткен жылмен салыстырғанда еселеп артқан. Жыл басынан бері Қостанай облысында интернет алаяқтарынан екі жүзге жуық адам зардап шекті. Қазіргі уақытта олардың ішінде елуден астам қылмыс ашылған.IMG_9486
Қостанай ПД КҚБ киберқылмыспен күрес бөлімінің бастығы полиция майоры Сәбит Ибраемовтың айтуынша, 2019 жылдың бірінші тоқсанында Алматы облысының Қапшағай қаласында "Инстаграм" қосымшасында интернет желісінде интернет-алаяқтық жасағаны үшін, "bakyt_bets" аккаунты арқылы ақша қаражатын айналдыру және көбейту мақсатында Алматы облысының тумасы ұсталды.
Сондай-ақ, интернет қылмысының танымал тәсілдерінің бірі – автоқосалқы бөлшектерді сату. Қостанай облысының ТБК "К" бөлімі, Қостанай қ.УП бірлесіп, қылмыстық іс бойынша 1997 жылы туылған Қостанай облысының тумасы, Алматы қаласында тұратын күдікті анықталды.
Сондай-ақ, 1988, 1987, 1986 жылы туылған үш алаяқ қолға түсті. Олардың бірі бұрын сотталған еді. Арқалық қаласында осыған ұқсас тағы бір қылмыстық іс ашылды, 1994 жылы туған алаяқ туысқандарына 75 000 теңге сомасында заңсыз шағын несие ресімдеді.
Полиция қызметкерлері Жітіқара қаласындағы "Сбербанк" филиалының 25 жасар қызметкерін ұстады. банк қызметкері клиенттердің құжаттарының көшірмелерін пайдалана отырып, олардың атынан микрокредиттер ресімдеді, ал алынған ақша қаражатын жеке мақсатта пайдаланды.
 
Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓