Ел тыныштығы қымбат

img_7358Әрбір Қазақстан азаматы үшін елдің амандығы мен тыныштығы қымбат. Сондықтан бүгінгі ұлықтау рәсімі ғана емес, жалпы осы саяси науқан кезінде текті елдің ұрпағы екенімізді көрсетуіміз керек. Атап айтқанда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық дәрежедегі дипломат екенін баршамызға аян. Мемлекетті басқаруға кіріскен Президентімізге сәттілік тілейміз. Осы орайда «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бір-бірімізді қолдауымыз керек деп ойлаймын. Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайындағы ұлықтау рәсімінде Мемлекет басшысы билік халықтың жағдайын жасауға аса назар аударатынын қадап айтты. Соңғы кездері мемлекет тарапынан әлеуметтік салаға айрықша мән берілуде. Бұл тұрғыда осы бастамалар толықтай жүзеге асырылады деп сенемін. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Кемелұлы таяу арада Үкіметтің кеңейтілген отырысында біз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы нақты міндеттер айқындалатынын атап өтті. Сондықтан бұл салаға тың серпін беріледі деген ойдамын.
20190610175606
Бүгін өте жақсы рәсім жасалды. Соңынан Мемлекет басшысының сөзін тыңдадық. Одан не түйдік? Ең бірінші Қазақстанның әлемдік аренадағы беделі төмендемейді деп ойлаймын, керісінше Тоқаевтың беделі арқылы ол артады. Ол кісі қазақтың ұлттық мүддесін әлемдік аренада да, басқа жерлерде де қорғайтынын мәлімдеді. Біз мықты мемлекет бола аламыз. Екіншіден, біздің жастарға үлкен үміт артылып отыр. Жастар – біздің келешегіміз. Осы ретте айтарым, қазақ елі ешқашан ешкімнен кем болған емес. Оны сол деңгейде ұстап тұру жастардың қолында. Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының салып келген сара жолын әрі қарай жалғастырушы екенін нақты айтты. Сонымен қатар, қоғамның талабына, дауыс берушілердің үмітіне, олардың сеніміне жауап бере алатынын нақты өзінің жоғарыдағы жоспарларымен дәлелдеп отыр.

Қалқаман Жақып,
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры
 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓