«Электронды хаттама» жобасы іске қосылды

Жол полициясының қызметкерлеріне планшеттің көмегімен әкімшілік хаттама толтыруға мүмкіндік беретін «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай реестрі» пилоттық жобасы Қазақстанда 2017 жылы іске қосылған болатын. Осы жылы қандай да бір ереже бұзу оқиғаларына қатысты хаттама толтыруда Қостанай облысының тәртіп сақшылары планшетті қолдану арқылы жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін электронды форматта жұмысқа кірісті. IMG_8591Бүгінде патрульдік полицияның жеке құрамы электрондық планшеттермен, оның ішінде аудандық бөлімшелермен қамтамасыз етілген. Есепті кезеңде жол қауіпсіздігі саласы бойынша 24807 электрондық форматта әкімшілік материалдар қозғалып, 157 млн 436 мың көлемінде айыппұл салынып, 81 млн 192 мың теңге өндіріліп алынды. Енгізілген электрондық хаттамалар Әділет министрлігінің базаларымен, ІІМ автокөлік құралдарын тіркеу базасымен және Комитеттің арнайы есепке алу мәліметтерімен біріктірілген. Бұл интеграция ЖСН енгізу арқылы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның сауалнамалық деректерін, заңды тұлға үшін БСН енгізу арқылы алуға мүмкіндік береді. Комитеттің арнайы есептерінің мәліметтеріне қол жеткізу құқық бұзушылық жасаудың қайталануын ескере отырып, құқық бұзушының әрекетін дұрыс саралауға мүмкіндік береді.Құқық бұзушының сауалнамалық деректерін алу үшін ЖСН енгізу жеткілікті, қалған барлық мәліметтерді жүйе өзі береді. Осылайша, айыппұлды рәсімдеу уақыты қысқарып, сол сәтте базаға тіркеледі.IMG_8536
Жүйе адамды іздестіру, басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтарды тексеріп, оның әрекетін дұрыс саралауға мүмкіндік береді. Автомобиль айдап кету үшін автоматты түрде тексеріледі.Құқық бұзушылықты саралауды енгізген кезде жүйе Кодекстің осы бабында көзделген айыппұл мөлшерін, оның ішінде қысқартылған іс жүргізу тәртібін де өзі қояды. Азаматқа айыппұлды бірден төлеу мүмкіндігі беріледі, бұл ретте төлем туралы мәліметтер автоматты түрде дерекқорға түседі. Айыппұлды автоматты түрде өтеу төленген әкімшілік айыппұлдарды мәжбүрлеп орындауға жіберу тәуекелін болдырмайды.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы электрондық хаттаманы жасау нәтижелері бойынша құқық бұзушыға хабарлама беріледі. Сонымен қатар, ол комитеттің ақпараттық сервисінде де хаттамамен таныса алады.
 
Әсел Жандосқызы

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓