Сапар сәтті болды

І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында Ташкент қаласына гастрольдік сапармен барып келді. Бүгін облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов өнер ордасының ұжымымен бірге гастроль барысы мен алдағы жоспарларды тілшілермен бөлісті.davІлекең атындағы өнер қарашаңырағы Ташкент академиялық театры сахнасына  «Хан Кене», «Әнім сен едің» (Шәмші туралы тамшылар), «Мұңмен алысқан адам» спектакльдерін ала барыпты.
— Көрерменнің ықыласы өте керемет болды. Өзбек ағайындардың біздің өнерімізге деген құрметі шексіз. Арасында өзіміздің қазақ ағайындар да көрермен болып отырды. Тіпті, қандастарымыздың бірі біздің ұжымға дастархан әкеліп жайып, ілтипаттарын көрсетіп жатыр, — деді театр актері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қонысбек Бегайдаров.
Труппа елге қайтарда жолда Түркістан облысына да соғып, Отырар ауданының ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқов туған ауылда «Әнім сен едің» (Шәмші туралы тамшылар) спектаклін қойып келіп отыр.
IMG-20190608-WA0044 - копия (2)— Бұған дейін Шәмші ауылында қазақ вальсінің падишаһы жайында қойылым сахналанбаған екен. Жерлестер бізді зор ықыласпен қарсы алды, — деді театр актері Әлімхан Мырзахан.
Айтпақшы, Әлімханның өзі де осы Шәмші елінің тумасы. Сол себепті, ауылдастардың алдында ол «Қазақ мәдениетінің қайраткері» деген төсбелгі тағып келді.IMG-20190608-WA0042 - копия (2)
Сапар барысында ұжым Өзбек академиялық театры, Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығы, Түркістан облысының әкімдігі, «Nur Otan» партиясы Отырар аудандық филиалы мен аталған ауданның мәслихаты атынан алғыс хаттармен марапатталып келіп отыр. Өнер ордасының гастрольдік сапары мұнымен тоқтап қалмайды. Алда жоспар көп.IMG-20190608-WA0048 - копия
 
davdav
dav

bst

— Өзбекстан сапары І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының ұзақ жылдан кейінгі шетелге шығуы. Биыл шілде айының басында ұжымды Моңғолияның Бай-Өлке аймағына шақырып жатыр. Ол жақтағы қазақ шоғырланған жерге жазушы-драматург Әскерхан Ақтайдың «Ботақара» спектаклімен барады, — деді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.
        
         Қ.Қиысханұлы

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓