ОСК қорытынды нәтижені шығарды

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының қорытынды нәтижесін жария етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. bdd6d1e8168759ed21e116219ff25e1f"Бүгін таңғы уақытта өткен отырыста біз алдын ала қорытындыны жарияладық. Енді Қазақстан президентін кезектен тыс сайлаудың қорытынды нәтижесін жариялай аламыз", — деді ОСК төрағасы Берік Имашев.
Сайлау қорытындысы мынадай:
Жамбыл Ахметбеков — 167 649 дауыс — 1,82 пайыз
Дания Еспаева — 465 714 дауыс — 5,05 пайыз
Әміржан Қосанов — 1 495 401 дауыс — 16,23 пайыз
Төлеутай Рахымбеков — 280 451 дауыс — 3,04 пайыз
Амангелді Таспихов — 182 898 дауыс — 1,98 пайыз
Қасым-Жомарт Тоқаев — 6 539 715 дауыс — 70,96 пайыз
Сәдібек Түгел — 84 582 дауыс — 0,92 пайыз

Сайлаушылардың 77,4 пайызы қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтеді.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓