ЖАЗБА АЙТЫС: Абылай мен Батырлан

Ұқсас мақалалар...

Комментариев: 6

  1. Ақын:

    Екі ақынды ел біледі.Екеуі де осал емес. Айтыстарында нақты айтыстан көрі, сұлу сөз басым. Раушан мен ауылдан әрі аспаған. Бірақ ары қара көреміз. Менің ше екеуіне де тең ұпай беріп өткізіп байқау қажет. Абылайдың арыны мықты ғой, Батырлан ізденімпаз. Бір нәрсені дерек-мәнсіз жазбайды. 

    • Нұрқанат Омарұлы:

      Рас, бұл қос мықтының айтысы — аталы сөзге аңқасы кепкендердің арманы. "Ырыздығым, несібем, кием — Сөз өнері", — дейтұғын десі басым бұл ілгерілердің екеуін де алдағы ақтық сында көрмеу — қиянат шығар?! Не десе де, "артпен бал ашпау" — артық. Білерім, қазылар қалың ойда) Ал, Абылайды асау арынмен ғана алдырмайды, Батырланды ізденімпаздығымен ғана ілгері деу — бұрыс. Қос қасиет екеуінде де бар. Жазары мен айтары бар жігіттер ғой, тек естір құлақ пен қонар көкей болса да! 

  2. Есболат Қабылда:

    Мақтауды жұрт қатырады. «Нестесе», мен «нетіп» көрейінші бір. Алдымен Абылайдың бірінші кезегі туралы айтайын.

    «Ендеше, сынап сені бір көрейін, Екпіндеп соққан желдей Ебі жақтан». Екпінін бірінші кезектен күтіп едім, олай болмай шықты. Екіншілерде ғана сауыры суланған.
    «Шешендер саясаттан «май асатқан», Алғандай уәдеге болып ұста». Кім ол шешендер? Ұлт па? Биліктегілер ме? Ол өзі Қостанайда жатып алып Торғай деген облыстың қайта ашылуына мүдделі болып отыр ма? Осы қайырымы түсініксіз. Пікірін ашық айтпай, жас баланы отқа қарай итеріп қоя салған.

    Батырлан: «Сізбенен айтысқаным бір өкініш». Өкінішшш… Кәпір сөз. Точна осы жерде. Басқа сөз таппаған ба? На то пошло, өзі бипаздап мақтап отырған ағасымен айтысқаны да сұхбат құрғаны емес пе! Айтыстары шынымен де сұхбатқа ұқсаған.

    «Ұмтылған бір асуға бір асудан, Жаралған жампозымсың шын асылдан. Барар жер, батар жүгің бәрі мәлім, Жан едің қияларға құлаш ұрған». Осы кезге дейін дәптеріне жинап, осындай бір адамға айтам-ау деген сөз (шумақ). Оның Абылайға арналғанына қуаныштымын. Осылайша жау емес екенімді білдіріп қойып, әрі қарай жалғайын.
    «Тарихты сараптасам санамда арғы» — Жапсырғанда да түкіріктеп тұрып жапсырған.

    «Ер қайратын» мен «кем қоймасын» ұйқас емес. «Ұқсақ арман» мен «ұлтқа қорған» буын-бунағы келгенмен, онша ұйқаспаған. «Жұрт жаңарған» деп келеді де «тіккен ордам» деп тіптен құртады.

    Бұл кезекте Батырлан «орда» сөзін төрт рет ұйқаста қолданыпты.

    Екінші кезең. Абылайдың ұйқасы мығым, тірі. Өзімнің есебім түгел дегендей, Батырланға ескертпеген, сын айтпаған, шымшымаған.
    «Атына қарсы шығып арс-арс етіп, Алжыған иттей айға абалаған». Қатты сөз. Әбден кіжінген. Ондай адамдар болса, неге аттарын атап, түстерін түстемеген? Халық өз «геройларын» білуі тиіс.

    Батырлан «сетінедің» мен «ақыры оның» деген сөздерді «ұйқастырыпты».

    Бұл кезеңде ағасының ойын жалғап қана отырған. Жеке өзі болып, мәселе көтермеген.

    Үшінші жауаптасуда Абылай «балқұрағым», «арғымағым» деп өте кептіре мақтаған. Жас жігітке артық. Оқығанын көрсеткісі келген. Анау айтарлық басымдық көрсетпепті. «Айтыста «арыны жоқ, айқасы жоқ» деп бізден алмасын тек нәмарт секем» депті оған Батырлан.

    Екеуі де барынша мағыналы, айшықты айтысуға тырысқан. Десек те, айтыстың бірінші шарты сөзден ұстау еді…

    Мақтаудан жалыққандар үшін жаздым. Екеуіне де жеке қастығым жоқ адаммын. Альтернатив пікір деп қабылдарсыздар. Айтпақшы, келіспеген тұстарыңыз болса, осы жерге оралам.

    • Амандық:

      Есболат Қабылда,өмірде бар адам болсаңыз ризамын. Әдемі талдапсыз. Айтыстың бірінші шарты – сөзден ұстау? Ол қай жерде жазылыпты? Екінші шартын да біле отырайық.

  3. Ассалаумағаликум! Жалпы біреуге пікір жазарда, пікір созің жақсылап зеріттеген дұрыс секілді… Жалпы ақындарымыздын ойы, уақыты, шеберлігі, жүйесі, сөз табу өнерін бағалайтын болсақ, бұл жерде жалпы бір ойдын өзін пікір ретінде жазып қалдырып кету артық сияқты… Айтарым ақындарымыздын әлсіздігін алға тартпай жақсы тұстарын тізіп алып тіршілікте жақсылыққа жетелегеніміз дұрыс сиякты… Өз басым екі ақынғада разымын Аллаһ өнерлеріне берекет берсін. 

  4. Аслан:

    Есболат Қабылда, қай жақтансыз? Неге осы кезге дейінгі басқа айтыстарға пікір айтпағансыз?
    Кейбір сөзіңізбен келіспеймін. Мысалы, "дәптеріне жинап қойған шумақ" дегеніңізбен. Сыйластық лебіз білдіру бұрыннан бар ғой. Айтыстым екен деп, беттен алу міндетті емес. Меніңше, екеуі айтыстың тамаша бір үлгісін көрсеткен.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

↓