Ыстық су берілетін күн алыс емес

Қостанай қаласындағы бірнеше көшеде жерасты құбырларын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде ең маңыздылары-Алтынсарин, Чехов, Герцен көшелері. Облыс әкімі Н.Садуақасов аталған учаскелерде болып, жөндеу жұмыстарымен танысты.
IMG_8161Аталған нысандардағы жаңғырту жұмыстары үш жылға жоспарланған. Мәселен, Алтынсарин көшесіндегі тозығы жеткен құбырларды қайта қалпына келтіруге 256 миллион теңге бөлінді. Биыл соның l0 миллионы игерілген. Әзірге жылу желілері ауыстырылып, асфальт жөнделді. Келесі жылы жоба толығымен аяқталады және бөлінген қаржы тегіс игеріледі. Жаңа асфальт  төселіп, көше абадтандырылады. Мұндағы жөндеу жұмыстары кешеуілдеп басталғанымен биылға жоспарланған шаруа l8 қыркүйекте аяқталмақ.
Чехов көшесіндегі жөндеу жұмыстарының басталғанына биыл екінші жыл. Бұл учаскедегі жұмыстар келесі жылы толығымен аяқталып, көлік жүруге арналған жол он бесінші қазанда пайдалануға беріледі.
IMG_8176 (2)-Қалада жөндеу жұмыстарына байланысты жаз бойы жабық тұрған жол учаскелері жетіп артылады. Тұрғындар жолдың тезірек жөнделіп, көшеде көлік кептелісінің болмауын қалайды. Сондықтан, халықпен кездесіп, мән-жайды баяндап, істің анық-қанығын түсіндіру керек. Жөндеу жұмыстары қалалықтарға кері әсерін тигізбесін, кептелісті болдырмауға барынша тырысқан жөн,-деген облыс әкімі Н.Садуақасов Абай даңғылындағы бағдаршамның қызметін бір қалыпқа түсіру керектігін тапсырды.
Үш жылдық жоспарға сай жаз мезгілінде жабық тұрған учаскенің бірі-Герцен көшесі. Мұнда биыл жылу желісі жаңартылды. Оған 668,2 миллион теңге жұмсалды. Жерасты құбырын қайта қалпына келтіруге байланысты аталмыш шағын ауданның халқы жазда ыстық сусыз қалған болатын. Енді оларға 17 қыркүйекте ыстық су беріледі.
-Осы шағын ауданда қатарынан екінші жыл жаз мезгілінде ыстық су тоқтатылды. Сондықтан тұрғындармен кездесіп, олардың игілігі үшін қандай істі жасап жатқанымызды түсіндіруді қала басшылығына тапсырамын. КСК ауданы жыл сайын түрленіп жатқанын көрмейсіз бе! Жаңа үйлер, жастар бульвары, Салтанат сарайы көз сүйсіндіреді. Бәріміздің илегеніміз бір терінің пұшпағы. Бастаған істі сапалы әрі уақытылы аяқтау үшін халық аздап шыдамдылық танытса,-деген облыс әкімі Н.Садуақасов қыркүйек айының ортасына дейін қала халқын ыстық сумен қамтуды тапсырды.
 
Қымбат Досжанова
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай

                              
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓