Жастар – тазалық жаршылары

Қостанай облысында ECO-challengeQostanai экологиялық акциясы өтіп жатыр. Кеше ауқымды шара Тобыл өзенін бойлап, Жітіқара, Қамысты, Денисов аудандарын қамтыса, бүгін кезек Лисаков пен Таран ауданына да келіп жетті.DSC_0113
Таңертең Әйеттің белсенді жастары қолдарына тырма мен полиэтилен пакеттерін алып, ауылға кіреберістегі көпірге қарай бағыт алды. Көктем келісімен Әйет өзенінің жағалауында бірнеше рет сенбіліктер өткізілгенімен, адам санының аздығы қоқыстан жүз пайыз құтылуға мүмкін бермеді. Енді, міне, араға апта салып игілікті іске 500-ге мектеп пен колледж оқушылары, жас мамандар мен еріктілер атсалысып отыр.DSC_0209
 
DSC_0130
DSC_0121Бір сағатқа жетер-жетпес уақытта өзеннің қос жағалауынан ондаған пакет қоқыс жиналды. Айнала жып-жинақы, әрі тап-таза күйге енді.
– Өзіміз өмір сүріп жатқан сүйікті ауылымызды өзіміз тазартпасақ, сырттан келіп ешкім жинап бермейді. Акцияның әрбір қатысушысы осыны жақсы біледі, түсінеді. Бір жағынан, таза ауада жұмыс жасау денсаулыққа та пайдалы, – дейді тазалық жаршыларының бірі Жания Шөптібай.DSC_0124
 
DSC_0152
DSC_0190Айта кетейік, экологиялық жобаның қорытындысы Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресей жастарының ынтамақтастық форумында шығарылады.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓