Еңбегі ерен Елбасы

Күні кеше А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің "Парасат" цифрлық хабында "Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының ролі" атты дөңгелек үстел жиыны өтті.IMG_8129 IMG_8139 IMG_8144 IMG_8149 IMG_8135
Мақсат – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің еңсе тіктеуіне сіңірген еңбегін баян ету. Жиынға студенттер мен магистранттар шақыртылған. Олар А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ оқытушыларының танымдық, тағылымды дәрістеріне зейін қойды. Мәселен, "Қазақ елінің астаналары: Нұр Сұлтан – тәуелсіздік символы" аталатын тарихи мәні бар баяндама жасаған филология ғылымдарының докторы, профессор Алмас Әбсадық елорда мен елбасының біте қайнасқан түсінікке айналғанын сөзге өзек етті.IMG_8129
 
IMG_8144"ҚР Тұңғыш президентінің ел тәуелсіздігін нығайтуға сіңірген қызметі сан-алуан. Егемендікке қол жеткізуден бастап, мемлекеттік институттардың, демократиялық институттардың қалыптасуына, жаңа астананың негізінің қалануына қосқан үлесі қомақты және бұл ел үшін жасаған еңбектерінің бір парасы ғана", — дейді Алмас Ахметұлы.
Бұл жиынның көздегені – тарихи деректерді тізбелеу ғана емес, елдің ары қарай даму көкжиегіне көз жіберіп, алдағы уақытта Елбасы бастаған бағыттың қалай өріс алатынына бағам жасау. Мұны "Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі", "Қоғамдық сананың жаңғыру үрдісіне қосқан Елбасы үлесі", "Мемлекеттің ішкі ахуалы мен сыртқы саясат", "Елбасының еңбектеріндегі тарихи сана мәселелері" сынды тақырыптарда қаузалған ойлардан айқын аңғаруға болады.IMG_8135
 
IMG_8139"Қазақстан халқы маңызды саяси оқиға алдында тұрған кезде өткенге есеп беріп, бүгінді бажайлап, ертеңгі жоспарды түгендеу үшін мұндай талқылау жиындарының мәні зор болса керек", — десті зиялы қауым өкілдері.  
 
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓