Құжаттарды негізсіз талап еткен

Қостанай қаласындағы емханалар тұрғындардан құжаттарды заңсыз сұратып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.20181123091641
2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруды талдау және бағалау арнайы мониторингтік тобының басшысы Динара Өтебаева айтқандай, облыстың барлық аудан-қаласында «жасырын сатып алушы» әдісімен зерттеу жүргізілді. Мұның мақсаты — мемлекеттік қызметтерді ұсынатын ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілерді анықтау. Былтыр 177 мекемеде зерттеу жұмыстары жүргізіліп, 237 құқықбұзушылық анықталды.
«Жасырын сатып алушы» әдісімен жүргізілген зерттеу нәтижесінде, наркологиялық және психоневрологиялық ұйымдардан анықтамалар беру кезінде өрескел заң бұзушылықтар анықталды. Мәселен, аталған ұйымдардағы анықтамалар өткен жылдың желтоқсан айының ортасынан бастап мемлекеттік корпорация және «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тегін берілуі тиіс. Алайда, осы ұйым  анықтама беруді ақылы негізде жалғастырып келген. Олар барлығы 7300 анықтама берген. Халықтан осы анықтамалар үшін 3,5 млн теңге алған. Аталған фактілер бойынша денсаулық сақтау басқармасына ақша қаражатын қайтару туралы ұсыныс жіберілді», — деді Д.Өтебаева.
Бүгінде көлік құралын басқару үшін берілетін анықтамалардың тәртібі  өзгерген. Бірақ, емханалар бұл өзгертулерге мән бермей отыр. Мысалы, Қостанай қаласындағы №1, №3 емханалар тұрғындардан жеке куәлікпен қоса 3х4 фотосуретін сұратқан. Дегенмен, бұл заңға қайшы. Тұрғындар бар болғаны жеке куәлігін көрсетуі тиіс.
«Мұндай жағдайлар «Көктем-3» және «Жемчужина» медициналық орталықтарында да тіркелді. Бұған қоса қызметкерлер тұрғындардың мекенжай анықтамасын талап еткен. Сондай-ақ, Қостанай қаласының №1, 2, 3, 4 емханаларында электрондық кезек жоқ, келушілерге қызмет көрсету «тірі» кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Мұны ретке келтіруді ұсынамыз», — дейді Динара Өтебаева мониторингті топ жұмысын қорытындылап.
 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓