Байқау мәресіне жетті

Қостанайда дәстүрлі «Алтын микрофон» конкурсы аяқталды. 17-ші мәрте ұйымдастырылып отырған халықаралық вокал байқауына елімізбен қатар алыс-жақын шетелдерден келген жүзге тарта үміткер бақ сынасты.
Үш күн бойы өңірімізді ән-думанға бөлеген бүлдіршіндер мен жеткіншектердің арасынан үздік дауыс иесін анықтау қазылар алқасына да оңайға соқпағаны анық. Дегенмен «жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, көрермен мен қазыларды ерекше әнімен, айрықша әуенімен тәнті қылған лауреаттар мен дипломанттар марапатталды.
Бүгін байқаудың гала-концертінде төрт жас ерекшелігіне қарай қатарынан суырылып шыққандарды марапаттау салтанаты өтті. 7-10 жас аралығындағы топта елордалық Жасмин Тілеуімбетова бірінші орынды иеленді. Литваның Каунас қаласынан келген Станкевисите Миледжа 11-13 жастағылар арасында үздік танылды. Болгариялық Александра Златева жасөспірімдер (14-17 жас) ішінен топ жарды. Ал 18 бен 21 жас аралығындағы ән доданың бірінші жүлдесін алматылық Фараби Сұлтанов иеленді.
Халықарылық «Алтын микрофон-2019» байқауының биылғы жеңімпазы – жерлесіміз Ясмин Ибраева (Қостанай қаласы). Облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев Гран-при иегеріне диплом мен ақшалай сертификат табыс етті.
Айта кетейік, өткен сәуір айының басында Ясмин Франция астанасында өткен ХХVІІІ фестивалінде жеңімпаз атанып келген болатын. Бұл туралы газетіміздің санында және сайтында (http://kostanaytany.kz/archives/71775 сілтемесі) жазылды. Қостанай ауданы Заречный қазақ орта мектебінің 7 сынып оқушысы Парижден эстрадалық вокал номинациясы бойынша бірінші орынмен қоса, қазылардың шешімімен «Үздік орындау» аталымын жеңіп алды.
BAG_9087
BAG_9105
BAG_9119
BAG_9137
BAG_9159
BAG_9168
BAG_9175
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓