Заңсыз діни ұйым анықталды

Қостанай облысының полиция департаменті Рудный қаласында «Фархат-ата» әдісі бойынша емдеумен айналысатын тыйым салынған «Алля аят» бірлестігінің қызметін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. wx1080-1024x500-640x313Рудный қаласының екі тұрғыны аталған ағымды ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
«Рудный қаласының соты заңсыз діни ұйымның тағы бір өкілін (адепт) ҚР аумағында таратуға және әкелуге тыйым салынған экстремистік әдебиеттерді заңсыз сақтағаны үшін 70 АЕК (170 мың теңгеден астам) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартты», — делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Полция департаментінде атап өтілгендей, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының сотымен «Алла-Аят» деп аталатын Ф. М. Абдуллаевтың (Фархат-ата) қызметі Қазақстан халқының денсаулығына және мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді деп танылды. Бұл ұйымның қызметіне республика аумағында тыйым салынады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓