Қос қаламгер лауреат атанды

Қазақстан Жазушылар Одағы Секретариат мәжілісі шешімімен 2019 жылдың 5 сәуір күні Қазақстанның 19 қаламгеріне Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығы берілді. Олардың қатарында жерлестеріміз – жазушы Қайсар Әлім мен ақын Серікбай Оспанов бар. Бұл ақпарат "Қазақ әдебиеті" газетінде жарияланды.56702211_2265610256832866_8416224747087462400_o
Бұл сыйлық қаламгерлердің 2017 және 2018 жылғы еңбектері үшін беріліп отыр. Қайсар Әлімге "Міржақыптың оралуы. Возвращение Миржакипа" атты екі тілдегі хикаят сапарнамасы үшін табысталса, Серікбай Оспанов "Алқоңыр" өлеңдер жинағы үшін лауреат атанды. Мерейлі жерлестерімізді "Қостанай таңы" газетінің атынан шын жүректен құттықтаймыз. Бұл әдеби сыйлық даңқты қаламгерлеріміздің шабытын шыңдай түсіп, тың ізденістерге даңғыл ашады деп сенеміз! Шығармашылық табыс тілейміз!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓