Суға сұраныс жоғары

Облыста 548 ауыл бар. Соның  172-сіне орталықтандырылған  су құбыры тартылған. Яғни, 59,5% немесе 233,7 мың ауыл тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ал қалған 376 елді мекеннің ішінде мың адамнан артық тұрғыны бар отыз жеті ауыл сапалы ауыз суға зәру.АУЫЗСУ
Облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және энергетика басқармасының басшысы Алмат Есенбаевтың айтуынша, халық саны 500 ден асатын шағын ауылдарды сумен жабдықтау жұмыстары да қолға алынбақ.
 Өңірде Аманкелді, Жанкелдин, Қарасу, Қарабалық, Қостанай, Меңдіқара, Сарыкөл, Ұзынкөл және Федоров тәрізді аудандарда 24  елдімекен немесе 5,8 мың адам тазартылмаған, ашық су көздерін тұтынады. Сондықтан, 2020-21 жылдары ең бірінші аттары аталған аудандарда сапалы ауыз су мәселесін шешу міндеті тұр.ИСЕНБАЕВ
-Биыл өңірлерді дамыту бағдарламасының аясында облысқа 7,6 млрд теңге бөлінді. Бұл елдімекендерді сумен қамтамасыз етуге қатысты 22 жобаны жүзеге асыруға жұмсалады. Жыл аяғына дейін 11 ауылда сумен жабдықтау нысаны пайдалануға беріледі. Яғни, 34,1 мың адамды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады деген сөз. Осылайша, ауылдарды ауыз сумен қамту көрсеткіші 33,5%-ке дейін ұлғайтылмақ, — дейді облыстық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық және энергетика басқармасының басшысы Алмат Есенбаев.
Басқарма басшысы облыс әкіміне жаңа жобалық құндық құжаттарды әзірлеу үшін қаржы бөлуді сұрады. Айтуынша, ЖҚҚ су таратушы желісіз әзірленеді. Сондықтан, оның жалпы құны аса қымбатқа шықпайды. Алғашқы кезекте тұрған 37 ауылға су тарту жобасын сызу үшін 6 млрд теңге қажет. Сонда бір ауылға шамамен 162 млн теңге  жұмсалады екен. Облыс әкімі мұны қолдап отыр.
-Ауыз су мәселесі әлі күнге өткір күйінде қалып отыр. Алдағы 2025 жылға дейін облыс халқын сапалы ауыз сумен қамту жұмыстарын 65%-ке жеткізуіміз керек. Сол үшін бүгіннен бастап . нақты жұмыстарды қолға алу керек. Әсіресе, төртінші деңгейлі бюджетке ие 45 ауылдық округке басымдық беріледі. Мен министрлікпен хабарласып, тағы 7 млрд теңге сұраймын. Бастысы, жұмыс тоқтамауы керек, — деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.
Облыс басшысы жаңа жобалардың құнын төмендету үшін барынша жер асты суларын пайдалануды ұсынды.  Ал жерасты су көздері жоқ елдімекендерді  топтық су құбырлары тораптарына қосу керек немесе беткі суды пайдаланған жөн.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓