Қазынаны арттырып, шабытты шалқытқан (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Қостанай өңіріндегі кәсіпкерлердің меценаттар клубы өнер, мәдениет, ғылым, журналистика сынды салаларда озық шыққандарға «Қазына» және «Шабыт» сыйлықтарын тапсырды. Биыл 19-рет өткізілген салтанатты шараға облыс басшылығы, кәсіпкерлер мен жастар қауымдастығының өкілдері қатысты. Айта кету керек, елімізде теңдесі жоқ осынау «Қазына» және «Шабыт» сыйлықтары 2000 жылдан бері тапсырылып келеді. Атаулы марапатқа «Әдебиет», «Бейнелеу өнері», «Театр өнері», «Музыка өнері», «Вокал өнері», «Хореография», «Журналистика», «Ғылым», «Мәдени мұра», «Ауыл жанашыры», «Білім», «Шығармашылық ұжым жетекшісі» номинациялары бойынша жоғары кәсіби шеберлігімен озып шыққан алуан түрлі саланың мамандары ие болады. Сондай-ақ, биыл меценаттар «Спорт» аталымының үздігіне де сыйлығын ұсынды. Шараның ашылу салтанатына сөз сөйлеген облыс басшысы Архимед Мұхамбетов меценаттарға алғысын айтты.
 
IMG_8303
— Кәсіпкерлеріміз өңірдің дамуына үлес қосып келе жатқан, еңбегімен оқ бойы озық шыққан сала мамандарына қаржылай демеу көрсетіп отырады. Бір қуантатыны, жылдан жылға меценаттар клубы сыйлығына үміткерлер қатары көбейіп келеді. Осы жылдар ішінде өнер мен мәдениет, білім мен ғылым, журналистика салаларының 500-ден астам өкілдері сыйлыққа ие болды. Меценаттар клубының мүшелері жалпы сомасы 248 млн теңгеден асатын қолдау көрсетті. Сонымен қатар, жомарт азаматтар жыл сайын көп балалы отбасыларға, сырқат балаларға қол ұшын созып келеді. Бүгінгі салтанатты шараны пайдаланып, осы игілікті іске атсалысып жүрген барша кәсіпкерлерге шынайы алғысымды білдіремін.Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында мәні терең, өнегесі мол осындай істеріміздің ауқымы кеңейе беретіндігіне сенемін, — деді облыс басшысы.IMG_8354
 
IMG_8450
IMG_8271
IMG_8619
IMG_8566
IMG_8501
IMG_8688Бүгін «Журналистика» аталымында газетіміздің бас редакторы Жанұзақ Аязбеков «Қазына» сыйлығына ие болса, газеттің Рудныйдағы меншікті тілшісі Қуаныш Есқабыл «Шабыт» сыйлығын еншіледі. Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!IMG_8390Марапат соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Лауреаттарды құттықтауға опера әншісі Сүндет Байғожин бастаған өнерпаздар және ресейлік "Урал" би тобы арнайы келді.IMG_8727
IMG_8893
IMG_8756
IMG_8778
IMG_8699
IMG_8252
IMG_8677
IMG_8741
IMG_8707
 
IMG_8711
IMG_8907Шара туралы кең көлемді материалды және лауреаттар тізімін газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓