Кәсіпкерлікті дамыту күн тәртібінен түспейді  

Облыста шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қалыпты деңгейде. Мәселен, өткен жылдың тоғыз айындағы  көрсеткіш бойынша, өңірде 353,9 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Бұл жалпы ішкі өнімнің 24%-не тең. Облыстық кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Роза Горяннаяның айтуынша, 2018 жылы облыста 51 093 шағын және орта кәсіпкерлік нысаны тіркелген. Яғни, бұл 79,8%-ті қамтиды. 86786f269a7d8de2963c4c027a2046a4_2
       Әсіресе, шалғайдағы Денисов, Аманкелді, Жанкелдин аудандарында бұл жұмыстар қарқын алған. Керісінше, Қамысты ауданы мен Рудныйда кәсіпкерлік жұмыс алға басар емес.
        -Көптеген аудандарда шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысу ісі мардымсыз. Осыдан барып өнім өндіру көлемі төмендеген. Сондықтан, аудан, қала әкімдері мұндай келеңсіздіктің алдын алу үшін нақты жоспар түзулері тиіс. Үстіміздегі жылы өңірде ШОК үлесі 83,6%-тен кем болмауы тиіс. Бұл бағытта мемлекет тиісті көмек беріп келеді. Осыны тиімді пайдаланған жөн, — деді Роза Горянная.
         Мәселен, өткен жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде облысқа 2 млрд 759 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Осы арқылы кәсіпкерлердің 200-ге жуық жобаларына қолдау көрсетілді. Яғни, бағдарламалардың экономикалық әлеуеті зор. Р.Горяннаяның мәлімдеуінше, 2010 жылдан бері Тобыл өңірінде 888,9 млрд теңгенің өнімдері өндіріліпті. 4,6 мың жаңа жұмыс орны ашылған. Әсіресе, «Еңбек" бағдарламасының тигізіп отырған септігі көп. Былтыр бағдарламаның екінші кезеңінде шағын және орта кәсіпкерлікке тиесілі 1029 жобаға 4 млрд 240 млн теңгеден астам несие берілген.  Оның басым бөлігі ауылдық жерлерде жүзеге асты.
        2019 жылдың алғашқы тоқсанының өзінде 80 жобаны қаржыландыруға 6 млрд теңге қарастырылып отыр.
       Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов аудан және қала басшыларына өңірлерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда нақты жұмыстар жүргізу қажеттігін қадап тапсырды.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓