Талдау тиімді ме?

Қостанайда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Талдау жұмыстарының нәтижесі туралы облыстық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Ерлан Салықбаев мәлімдеді.
— Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында алдын алу механизмдерінің бірі болып бекітілген.  2018 жылы осындай 41 сыртқы талдау жүргізіліп, 487 тәуекел анықталды. Оларды жою бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдар атына 157  ұсыныс енгізілді. Биыл біз аталған алдын алу жұмыстарын жалғастырудамыз. Талдаумен 7 облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі мемлекеттік орган қамтылды. Мемлекеттік қызмет көрсету мен азаматтардың шағымдарын қарау кезінде, кадрлық саясатта және этикалық нормаларды сақтауда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды, — дейді Е.Салықбаев.
b754bfb0baf1d516cb0aa65fcd1220ee_XL
Жалпы талдау екі бағытта жүргізілген. Олар – нормативтік құқықтық актілердегі дискрециялық нормаларды анықтау  және басқарушы қызметтегі сыбайлас жемқорлық факторлары. Негізі, әлеуметтік қорғау саласында 34 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
— Көбіне, жемқорлық тәуекелдері тікелей байланыс санатына жататын қызметтерде білініп жатады. Бұған құжат беру және қабылдауды мысалға алуға болады. Бұдан өзге, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде де тәуекелдер белгісі байқалады. Сол себепті сарапшылардың жұмыс орындарында бейнекамералар орнатылды. Қазіргі таңда цифрландыруды енгізу әдісі арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мүмкіндіктері қарастырылуда. Бұл мақсатта пилоттық жоба әзірленіп жатыр, — дейді басқарма басшысы Рүстем Болат.
Рүстем Сайлауұлы айтқандай, бүгінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Қостанай — адалдық алаңы» атты жобалық кеңсе шеңберінде бірқатар шаралар қабылдануда. Негізгі мақсат – қоғамдағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою.

 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓