«Ақтөбеден» айласын асырды

Қазақстан чемпионатының 4-турында «Тобыл» өз алаңында ақтөбеліктерді қабылдады. Шыны керек, ойын басында қонақтардың басымдығы байқалды. Алғашқы жиырма минутта «Тобыл» қарымта шабуылдармен ойнады. Кезекті шабуылдардың бірінде Әділхан Таңжарықов Азат Нұрғалиевті шалып жығып, ескерту қағазын алды. «Тобыл» тайм аяғына таман еңсе тіктеді. Өз қапталынан сытылып шыққан Дмитрий Мирошниченконы ақтөбелік қорғаушы айып алаңында құлатты. Он бір метрлік айып соққысын Азат Нұрғалиев мінсіз орындады. 1:0!
_MG_6415
Екінші таймда Владимир Газзаев тыңнан Максм Фединді қосты. Ол Михаил Гордейчукті алмастырды. «Ақтөбе» ойыншысы Асланбек Какимов қақпашымен жеке дара шығып, айласын асыра алмады. Ал Федин мүмкіндігін сәтті пайдаланды. Ника Квеквескириден пас қабылдап алған ол қақпашыны алдап өтіп, бос қақпаға допты сырғыта салды.
Соңғы минутта қақпашы Балаев «Ақтөбеге» бір гол «сыйлады». Ол айып алаңында Есен Жасановты алдаймын деп қателесті. Есеп 2:1.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓