Жарайсың, Ясмин!

Франция астанасында өткен ХХVІІІ фестивалінде жерлесіміз Ясмин Ибраева жеңімпаз атанып келді. Қостанай ауданы Заречный қазақ орта мектебінің 7 сынып оқушысы эстрадалық вокал номинациясы бойынша бірінші орынмен қоса, қазылардың шешімімен «Үздік өнерпаз» аталымын жеңіп отыр. Париж сахнасында халық әндері, аспапта ойнау, бейнелеу өнері аталымдары бойынша әлемнің бірнеше елінен үміткер қатысыпты.BAG_7906
— Байқау оңай болған жоқ. Қарсыластарым өте мықты әншілер. Әрине, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Франция қатарлы әлемнің он елінен келгендер арасынан суырылып шығамын деген ой болған жоқ. Дегенмен жеңіске деген бар күш-жігерімді салдым. Кезеңдерден өтіп, конкурстың аяғында мені жеңімпаз деп хабарлаған кезде қуанышымда шек болмады. BAG_7898
Алдағы қазан айында Ресейдің Санкт-Петербор қаласында осы байқаудың жалғасы ретінде екінші финал айналымы өтпекші. Онда тек бұған дейін лауреат атанғандар қатысады. Ясмин де сол байқауға жолдама алып келіп отыр. BAG_7892
Ясмин қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде ән салады. Келешекте отандық және әлемдік эстрада әншілерінің әндерін орындап, еліміздің атағын шығарсам деген арманы бар.
 
Суреттерді түсірген Б.Ахметбеков

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓