«Алтын микрофон – 2019»: іріктеу кезеңі аяқталды

«Алтын микрофон – 2019″ халықаралық байқауының іріктеу кезеңі аяқталды. IMG-20190327-WA0007Балғын өнерпаздардың дарынын шыңдап, кішкентай жұлдызды танытуға септігін тигізетін вокалдық байқаудың ауқымы кеңейіп, өткізілу деңгейі жоғарылап келеді. Қатысушылардың саны жыл сайын арта түсуде. Өнер байқауына қатысуға биыл облысымыздағы барлық өңірден 5-21 жас аралығындағы 140-тан аса өтініш келіп түскен. Үміткерлердің үздігін саралау кезеңі төрт күнге созылды.DSC_0607
 -Байқау нәтижесінде халықаралық вокалшы балалар байқауында Қостанай облысының намысын қорғайтын 20 үздік әншіні таңдадық. Қатысуға өтінімдер Ресейден, Беларусиядан, Болгариядан келіп түсті. Сондай-ақ, біз Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз қалаларынан келген қонақтарды күтеміз, — деді облыстық халық шығармашылығы бөлімінің жетекшісі Гүлфира Серікбаева.IMG-20190327-WA0005
Байқауға қатысушылар қазылар алқасының алдында екі әннен орындады. Байқаудың келесі кезеңі 19-21 сәуір аралығында өтеді деп жоспарланып отыр.

Әсел ҚИБАШ
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓