КІШКЕНТАЙ ӨНЕРПАЗДАРДЫҢ ҮЛКЕН ЖЕҢІСІ

 Қостанайлық балғын музыканттар Алматыда өткен ірі өнер байқауынан жеңіспен оралды.  26-29 наурыз күндері өткен балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінде оқитын жас музыканттардың республикалық фестиваль-байқауына еліміздің әр өңірінен келген 400 өнерпаз қатысқан. 40c7b9b2-5fd5-41a9-96f3-53bb29217568Байқауда Қостанайдағы №1 музыка мектебінің  4 бірдей шәкірті Гран-При сыйлығын ұтып алса, осы мектеп жанынан құрылған «Қазақ халық аспаптары» ансамблі 1 бірінші орынға ие болды. Музыка мектебінің директоры Гүлнара Кучикова: «Аталмыш байқау Қазақстандағы ең беделді әрі ең қиын конкурс саналады. Оған осы байқаудың облыстық кезеңінен сүрінбей өткен үздіктер ғана қатысады. Өнепаздарға өте жоғары талап қойылады.  Дегенмен біздің шәкірттеріміз сәтті өнер көрсетіп, жеңіс биігінен көрінді.  Мұндай нәтижені кез-келген өңір көсрете бермейді. Бұл біздің музыка мектептерінің, ұстаздар мен шәкірттердің  тынымсыз еңбегінің арқасында келген өңір мәдениетінің аса ірі табысы» — дейді.  2eadc06c-253a-48fd-8766-85cb827c1754
            Екі күнге созылған ірі өнер байқауында еліміздегі 180 музыкалық мектеп пен 135 өнер мектебінің шәкірттері домбыра, қобыз, қыл қобыз, шертер, баян, аккордеон, орыс домрасы, балалайка, гитара сияқты қазақ және орыс халық аспаптарында жеке орындаушылық шеберліктерін сынға салған. Байқауға қатысқан өнер ұжымдары  арасында «Қазақ халық аспаптары» ансамблі жеңіс тұғырынан көрініп, І дәрежелі дипломға ие болды. Ансамбль мүшесі, домбырашы Аружан Қалибекова музыка мектебінің 5-сынып оқушысы. Домбыраны атамнан үйрендім. Өнерімді әрі қарай шыңдап, кәсіби бағыт-бағдар берген ұстазым – Гүлхауан Әмірова апайым, — дейді балғын өнерпаз.243b18b7-0386-4107-9060-dd2fc52bc81b
 
cdd24f69-fdcc-4d8f-acfc-24378e6af57eБалаларға арналған кәсіби өнер байқауында үздік өнер көрсетіп, үлкен жеңіспен оралған кішкентай жерлестеріміздің қатарында  Гран-при иегерлері баяншы Талғат Латыпов, қобызшылар Айым Молдағалиева мен Әдия Қайыркешова және орыс халық аспабы  домраның шебер орындаушысы Виолетта Попович бар. 
 
Нұрқанат Құлабаев

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓