Джип кетті, іс бітті…

Торғайға "Джиппен" келіп, Астанаға жаяу кетті.
Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, елордалық екі азамат Жангелдин ауданына балық аулауға келген. Олар тақымдарындағы Toyota Land Cruiser100 маркалы көліктерін мұздың үстіне шығарып "қаңтарады". Қас қылғанда, мұз темір тұлпардың салмағын көтере алмай, опырылып кеткен. Қымбат көлік әп-сәтте су астына сүңгіпті.NFvgRrSCP10
Балықшылардың бірі "көлікті жұтқан" көлдің басында қалып, екіншісі анағұрлым жақын, 35 шақырымдық жердегі Ақшығанақ ауылына жол тартқан. Жол бойында оған учаскелік инспектор Дидар Әбілдә жолыға кетіпті. Тәртіп сақшысы өз міндетіндегі учаскені барлап жүрген екен. Астаналық оған бастан өткен келеңсіздікті баяндап берісімен, екеуі оқиға орнына келеді.рплвнанрл
 
апапИнспектор дереу құтқару жұмысын ұйымдастырып жібереді: өзен басына жүк көлігін әкелтіп, астаналық қонақтарға жәрдемдесу үшін ауылдың бір топ тұрғынын жұмылдырады. Джипті өзеннен алып шығу үшін еркек біткеннің жабылып, бірнеше сағат әбігерге түсулеріне тура келген. "Операция" бітісімен, тәртіп сақшысы "балықшыларға" такси тауып беруге көмек қылып, елордаға барар бағытты сілтепті.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓