Қостанай – мейрімді қала

Көпшілікке мәлім, ақпан айының екінші аптасында жалпы солтүстік өңірде күн аязды болды. Ол адамдардың жүріп-тұруын қиындатты. Сол кездері Елордамыздағы барлық мешіттерде «Астана – мейрімді қала» жобасы аясында біраз ізгілікті шаралар жүзеге асырылды.
Осы жобаны үлгі тұтқан Қостанай облыстық мешіті және қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Қостанай – мейрімді қала»-«Тегін такси» қайырымдылық шарасы өткізілді._DSC0341
Сөйтіп, сауабы мол ерекше бастаманың шеңберінде жерлестеріміздің суықтап қалмауы үшін тоңып тұрған жолаушыларды үйлеріне жеткізіп салу мақсатында қайырымдылық таксилері қызмет көрсетті._DSC0225
Сондай-ақ, тамақтандыру жайы да қаралды. Жаны жомарт жандардың бұл ізгілікті істеріне тәнті болған қостанайлықтар қос мешіттің имамдары мен қызметкерлеріне шын жүректен шыққан шынайы алғысын білдірді._DSC0203
 
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓