Жұмыс тобы құрылды

Бүгін «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының негізінде Қостанай облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобын құру мәселесі бойынша отырыс өтті.
Отырысқа коммерциялық емес ұйымдар, ұсыныстар мен өтініштер түсірген азаматтар және бақылаушылар (БАҚ өкілдері) қатысты. Келіп түскен ұсыныстар мен өтініштердің негізінде ашық дауыс беру қорытындысы бойынша жұмыс тобының құрамына мына тұлғалар кірді:
1. Ещанов Сайлаубек Ерғазыұлы – Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы, Жұмыс тобының басшысы;
2. Баратова Шолпан Әміржанқызы – «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ бөлім басшысы, Жұмыс тобының хатшысы;
3 Джаманбалин Қадырғали Қоныспайұлы – Академик, З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің ректоры;
4. Кәкімжанов Жұматай Төкенұлы – «Қостанай аймағының зиялы азаматтар қоғамы» қоғамдық қорының мүшесі, «Қостанай таңы» газетінің бас редакторының орынбасары;
5. Смышляева Екатерина Васильевна – «Қостанай облысының Кәсіпода қорталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы;
6. Харьяков Юрий Александрович – Қостанай қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы;
7. Куюбаев Сансызбай Кубегенұлы – Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының облыстық партия комитетінің бюро мүшесі, «Құрылысшы Клубы» Бірінші партиялық ұйымның хатшысы.
 
Қайта құрылған осы жұмыс тобының алғашқы отырысы  21 қаңтарда сағат 16.00-де өтетін болады. Күн тәртібінде:
— Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің сандық құрамын анықтау;
— Халықты конкурс туралы, Қостанай облысы Қоғамдық кеңес мүшелерінің сайлауы туралы хабардар ету (құжаттарды қабылдау мерзімі, өтініш үлгілері, ұсыныстар);
— Қостанай облысы Қоғамдық кеңестің құрамына мемлекеттік органдардан кандидаттар қабылдау мәселесі қаралмақ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓