«Өнер барысы» Астанада жалғаспақ

Елордада өнер адамдары арасында «Өнер барысы» ұйымдастырылады. Мұндай ауқымды шара наурыз айында Астана қаласында өткізіледі. Бұл туралы белгілі ақын Балғынбек Имашев әлеуметтік желілер арқылы хабарлады.
— Сүйінші хабар! Білек пен жүрек бірігетін «Өнер барысы» деген жобаны қолға алып отырмыз. Танымал әншілер, ақындар, жайдарманшылар, актерлер және т.б өнер иелері қазақ күресінен бақ сынайтын болады, — делінген «Инстаграм» парақшасында. 
«Өнер барысы» былтыр бірінші рет Қостанай облысында өткен болатын. Мәдениет басқармасы мен "Дерек" қоғамдық қоры өткізген былтырғы турнирге 20-40 жас аралығындағы отыздан астам әуесқой спортшы қатысты. Идея авторы – облыстық қазақ драма театрының әртісі Төленді Әлқожа. Оның айтуынша, алдағы жылы өнер иелерінің арасындағы спорт жарыстарына көптеп көңіл бөлінеді.
20180504174744
— Біздің былтырғы турнирде ешкім жүлде үшін таласқан жоқ. Жарысқа келгендерден түскен қаржы Жанкелдин ауданының орталығында тұратын сегіз жасар Ақерке Жексенбайға көп функциялы есту аппаратын сатып алуға жұмсалды. Қайырымдылық мақсатта өткізсек те, жеңімпазға сыйақы тағайындадық. Айта кетерлігі, Елордада өткелі отырған жарысқа Қостанайдың «Өнер барысын» қатыстырсақ, жарыстың ауқымы одан сайын кеңейеді, — дейді Т.Әлқожа. 
20180504174807
Былтыр екі топқа бөлініп белдескен палуандар арасында 65 келіден жоғары салмақта Талғат Әлқожа  бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Қаныбек Әли еншіледі. Үшінші орынға Дастан Беков жайғасты. Ал ауыр салмақта белдескен топ арасынан Ерлан Қасымов суырылып алға шығып, «Өнер барысы» белдігін жеңіп алды. Еркебұлан Құрметов тиісінше екінші орынды еншілесе, Бағдат Нұрмұхамбетов жүлде көмбесінің үшінші сатысына көтерілді.
20180504174731
 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓