Жеке куәлігіңізді жаңартыңыз

ҚР ІІМ өкілдері қазақстандықтарға ескірген жеке куәліктерді ауыстыру керектігін ескертті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  15845402009 жылдан бері Қазақстан Республикасында азаматтарға жеке құжатын растайтын электронды ақпарат чипі орнатылған биотметрлік құжаттар берілді. Халықаралық стандарттарға сәйкес, олар он жыл қызмет етеді, сол себепті келесі жылы мерзімі аяқталуына байланысты оны ауыстыру қажет.  Құжатты республиканың кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығында ауыстыруға болады. Сонымен қатар, ауыстыру туралы онлайн-тапсырыс беруге де болады. 
"Сондай-ақ, ескірген құжатты жаңасына ауыстыру үшін ХҚКО-ға бармай-ақ, "электронды үкімет" порталы арқылы (3,5-те — 4,5 сантиметр сандық сурет және сканерден өткен қолтаңбаны графикалық файлмен) сұраныс жіберуге болады. Ыңғайлы болу үшін осы құжаттарды мерзімі аяқталуына бір ай қалғанда жолдауға рұқсат бар", — деді ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілдері. 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓