Жөндеу боксы ашылды

«ССКӨБ» АҚ Қашар өндірістік алаңында Caterpillar алпауыт самосвалдар мен жол-құрылыс техникаларын жөндеуге арналған бокс ашылды.3
 
4Бұрын бөлімшеде бір ғана негізгі жөндеу ғимараты болды. Кейбір кездері көліктер сыймағандықтан жұмыстардың бір бөлігі далада жүргізілетін. Енді кәсіпорынның сервистік инфрақұрылымды жақсарту жобасының арқасында жағдай жақсы жағына қарай өзгереді.6
Жаңартылған бокста механиктердің құзырында екі әкімшілік бөлме мен техникалық қызметуге арналған орын бар. Май ауыстыру жағы да жаңғыртылды. Арнайы контейнерлер бұл жұмысты бұрынғыдай 8 сағатта емес, 5 сағатта орындауға мүмкіндік береді. Осы орайда, май тазалау мен сүзгілеу жүйесі арқылы өтеді. Жаңа жабдық қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етіп, дене еңбегін жеңілдете түседі.5
Қашар кенішінде негізгі шаруашылық жұмыстарын CAT маркалы төрт самосвал мен жол-құрылыс техникасының 24 бірлігі атқарады. Еңбек өнімділігі машиналардың техникалық жағдайына байланысты екенін ескерсек, жаңа жөндеу ғимараты жоспарлы міндеттердің орындалуына жол ашпақ.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓