Шаруасы шираған аудан

Өңірлік коммуникация қызметінде Денисов ауданының әкімі БАҚ өкілдеріне есеп берді. Аудан әкімі Бақыт Нұрғалиевтің айтуынша,  жыл басынан бері ауданда ауыл шаруашылығы өнімдері 15 млрд теңгеден астам сомаға өндірілген. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 4,5 млрд теңгені, өсімдік өндірісі 10 млрд 775 мың теңгені құраған.  Сондай-ақ, 3,8 мың тонна ет, 17,9  тонна сүт, 10 миллионнан астам тауық жұмыртқасы өндіріліпті.WhatsApp Image 2018-11-15 at 15.45.15(1)
Аудан басшысы мал басын көбейтуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың белсенді іске асырылып жатқанын да атап өтті.
– "Сыбаға" бағдарламасы бойынша 110 бас жоспары аясында "Сатыбалдинов" шаруа қожалығы 100 бас асыл тұқымды мал сатып алуға өтінім берді. Ал 90 бас жоспары бойынша "Тұрғанов" шаруа қожалығы 180 бас асыл тұқымды мал сатып алды. Биыл «Колос-Фирма» ЖШС-де 5 кВт күн электр станциясының 44 тақтасы және 6 кВт электр жел генераторы іске қосылды. «Сарыағаш» ЖШС-де  сиыр еті үшін  электронды білезіктер орнатылды. Егін жинау науқанына келер болсақ,  300 мың гектардан дәнді дақылдар жиналды,  36 мың тонна тұқым толтырылды, 77 мың тонна шөп, 69 мың тонна сабан, 43,5 мың тонна сүрлем жиналды. Биылғы жылы шаруа қожалықтары өсімдік шаруашылығын дамытуға 436 млн теңге субсидия алды. Мал шаруашылығына қолдау көрсету мақсатында 407 млн теңгеден астам қаржы бөлінді, – деді Бақыт Мирасұлы.
 
Әсел Қибаш

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓