Астық ору науқаны аяқталды

Қостанай облысында күзгі жиын-терім жұмыстарының аяқталғаны туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлады. егинБиыл қыркүйек айының басындағы қолайсыз ауа райына байланысты өңір диқандары астыққа былтырғыдан сәл кешеуілдеп орақ салған еді. Сонымен, қамбаға 5 млн 214 мың тонна бидай құйылды. Мамандардың мәлімдеуінше, орташа шығымдылық 2017 жылғыдан төменірек. Яғни былтыр әр гектардан 12,5 центнер алынса, осы жолғы көрсеткіш – 12 центнер. 
Қазіргі таңда аймақта майлы дақылдар ору жұмысы жалғасып жатыр. Жорамалды айтқанда, тұтас алқаптың 30%-і қалды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓