Бас жүлдені Айбек Қалиев қанжығалады

Қостанай облысы Амангелді ауданында өткен республикалық ақындар айтысының бас жүлдесін Айбек Қалиев жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.20180928201310
Республикалық ақындар айтысы Аманкелді ауданының 90 жылдығы қарсаңында өтті. Бұл айтыстың бас жүлдесіне «Лада Гранта» маркалы автокөлік тігілген болатын. Оған кәсіпкер Мүбарак Шаяхметов демеуші болды.
Ақындардың өнерін елімізге белгілі ақындар: Жадыра Құтжанова, Әлфия Орманшина, Хамитбек Мұсабаевтар бағалады. Сөз додасын ақын Марғұлан Оспанов жүргізіп отырды.
Қазылар алқасы екінші айналымға 4 ақынды шығарды. Нәтижесінде, 3-орын қарағандылық Айтбай Жұмағұловқа бұйырды. Қостанайдан келген Салтанат Өтелбаева 2-орынға ие болды. Ал бірінші орынды жеңіп алған шымкенттік Қажымұқан Абзаловқа 500 000 теңгенің серификаты тапсырылды.
«Бүгінгі сөз тартыстың маңызы зор. Себебі, бұл айтыс елімізге танымал тұлғаларды дүниеге әкелген Аманкелді топырағының мерейтойына арналды. Оның жауапкершілігін жақсы сезіндік. Айтыскерлердің қай-қайсысы болса да, жаман өнер көрсеткен жоқ», — деді ақын Қажымұқан Абзалов агенттік тілшісіне. Айтыста алдына жан салмай, бас жүлдені иеленген Айбек Қалиевке автокөлік сыйға тартылды.
 
Сурет ҚазАқпарат ХАА-нен алынды
 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓