Жансұлтан Тәукенов – басқарма басшысы

Қостанай облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып Жансұлтан Тәукенов тағайындалды. Бұған дейін ол Әулиекөл ауданының әкімі қызметінде болды.  
Жансұлтан Қоңыртайұлы 1975 жылы туған. «Қаржыгер» мамандығы бойынша Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. 
Еңбек жолын 1994 жылы  Арқалық қаласындағы Торғай облысының салық инспекциясынан бастаған.  
Әр жылдарда Амангелді ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы, Амангелді және Әулиекөл аудандарының әкімі қызметін атқарды.
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен марапатталған.
 
 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓