Белсенді жастар жиналды

IMG_4631Облысымызда 2003 жылдан бері белсенді жастардың форумы ұйымдастырылып келеді. Желісі үзілмеген игі шара биыл да өз жалғасын тапты.
 Қостанай облысы жастарының биылғы форумы 22-24 тамыз аралығында өтті.
Екі күндік іс-шара Алтынсарин ауданындағы "Орленок" балалар сауықтыру орталығында болды. Маңызды шараның табиғат аясында өтуінің өзіндік сыры бар. Жастар қаланың тірлігін бір мезгіл ұмытып, таза ауада еркін тыныстады.
Аталмыш шараға өңірімізге қарасты қалалар мен аудандардан 120 делегат іріктеліп шақырылған. Таңдаулылардың сапында жас мамандар, жас ғалымдар және өнерлі өрендер бар. Форумның мақсаты айқын, жан-жақты жастарды IMG_4607бір арнаға тоғыстырып, оларды елінің патриоты болуға баулу.
– Кейінгі толқынның елін сүйетін патриот, Отаны үшін адал қызмет ететін білімді жандар болғаны жөн. Осынау бағытты ту еткен форумда жастарды бірлікке шақырып, ауызбіршілікті насихаттаудамыз,– деді Қостанай облысының балалар мен жастар ұйымдары қауымдастығының атқарушы директоры Қанат Шипин.
Форумның алғашқы күнінде қатысушылар бірнеше топқа бөлініп, әрқайсысы өздерін таныстырды. Әр топ ұжымдық тапсырмаларды орындап, Мисс және Мистер байқауында бақ сынасты. Ал екінші күн тренингтерге арналған.
Пікірталас үшін денсаулық, білім саласы және жемқорлық тақырыптары таңдалды. IMG_4641Қатысушылар үш бағыт бойынша өз ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды. Бос уақыттарында волейбол, футбол, теннис, квест ойындарын ойнады. 
– Мен ҚМПИ-ды былтырғы жылы тәмамдап, аталған оқу орнына жұмысқа қабылдандым. Қазір спорттық бағдарлау және спорттық туризм бойынша жаттықтырушымын. Форум барысында салауатты өмір салтының маңыздылығы туралы замандастарыма айтып бердім. Жастардың спортқа деген қызығушылығы көңілімнен шықты, – деді жас маман  Абай Жүсіпов.
Қала баласы мен ауыл баласының басын біріктірген шара соңында әр қатысушыға сертификат берілді. Аталмыш форумды облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың тапсырысы бойынша облыстық балалар мен жастар ұйымдарының қауымдастығы өткізді.
Қымбат
       ДОСЖАНОВА
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓