Ауылға ауыз су қажет

Қостанай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде Қамысты ауданының әкімі Ғазиз Бекмұхамедов брифинг өткізіп, өңірдегі өткен жартыжылдықтағы мәселелерге тоқталды. Аудан әкімінің сөзінше, жыл басынан бері Қамыстыда 1 млрд 134 млн теңгенің өнімі өндірілген. Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының арқасында 580 адам кәсіпке тартылды. Осы жылдың 1 шілдесіндегі мәліметке сүйенсек, ауданда 505 шағын бизнес субьектісі бар. Олар өздерінің даму жоспарын жасаған. Мәселен, биыл «Алтынсарин» ЖШС 734 асылтұқымды ірі қара мал басын сатып алды. Жұмыспен қамту бойынша ілкімді жобалар жасалуда. Өткен алты ай ішінде ауданда 101 жұмыс орны ашылды. Барлығы Қамысты ауданында 12658 адам тұрады.ауызсу
— Биыл екі мектепке табиғи газ берілді. Біз аудан орталығынан Алтынсарин, Бестөбе, Адаев ауылдарын қамтитын үлкен қысымды газ құбырын тартуға тапсырыс бердік. 1 млрд 200 млн теңгеге бағаланған бұл жоба облыс басшылығы тарапынан қолдау тапты. Енді үш жылдық бюджетке енгізілуі тиіс. Ауылдарға табиғи газ, ауызсудың қарқынды түрде тартылуы Қамысты ауданында көші-қонның тұрақтануына игі ықпал етіп отыр, — дейді Ғазиз Бекмұхамедов.
Өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 6 жоба орындалды. Бұл мақсаттарға 140 млн теңге қарастырылған. Алдағы уақытта тағы 4 жоба іске асырылмақ. 
Аудан әкімі Қамыстының проблемаларын да ортаға салды. Кейбір ауылдарда жол, ауыз су мәселелері әлі шешімін таппай тұр. Сонымен қатар, Арқа ауылында бірде бір балабақша, мәдениет үйі, спорт залы жоқ. Аудан басшысы осы тақылеттес проблемаларды шешуге күш салатынын айтты. 
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
 
Сурет интернеттен алынды

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓