Ел үздігін анықтау үшін

Қостанай қаласында шахматтан Қазақстан Кубогына іріктеу жарысы басталды. Жарыс алдағы бір апта бойы қала орталығындағы шахмат клубында өтеді. ҚР Кубогының іріктеу кезеңі Қызылорда қаласында басталды.
DSC_1440Бұл жолғы жарыс 3 жас аралығы бойынша өткізіледі. Алдымен, 10 және 14жасқа дейінгі спортшылар өзара мықтыларды анықтайды. Мұнан соң жас аралығына шектеу қойылмайтын рейтинг бәсекелері ұйымдастырылады. Үздік шыққан 15 шахматшы Астанада өтетін жарысқа жолдама алады. Ол жыл соңына таман өтеді, — деді газет тілшісіне жарыстың бас төрешісі Павел Русланов.
Айта кетейік, тақта турниріне әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегерлері қатысып жатыр. Қазақстан Кубогының жеңімпаздары ел намысын қорғау үшін әлем чемпионатына барады.
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ,
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓