Келесі жұп – Марғұлан мен Ернұр (ЖАҢАРТЫЛДЫ)

Ұқсас мақалалар...

19 Responses

  1. Ержан:

    Ернур бауырым алар асуын алда керемет жазыпсын, !

  2. Чингиз:

    Ернар мыкты екен.

  3. Ерлан:

    Ернұр тамаша ақын екен.

    Үлкен деп,үлкен ге болыспаса игі еді

    Жарайсың,Ернұр оқ бойы алдасың

  4. Асқар:

    Марғұлан айтарлықтай мықты екен,

    Дегенмен Ернұр жас болсада,өресі тым биік екен.Сөзсіз ойының ұшқырлығы,ұйқасы,тапқырлығы керемет.Өз ойым қарсыласына қарағанда Ернұр ақынның айқын жеңісі көрініп тұр.Қазылар əділ шешім қылса,Ернұрды алдағы айтыстарда көретін түріміз бар

  5. Аноним:

    Марғұланның сөздері мықты екен.

  6. Сəуле:

    Марғұлан- сауатты ақын. Ернұрға əлі тəжірибе керек-ау…

  7. Сəуле:

    Марғұлан- сауатты ақын. Ернұрға əлі тəжірибе керек, әсіресе үлкенді сыйлау тұрғысынан…

  8. Гульмира:

    Марғұлан мықтының мықтысы 

  9. Жарайсың Ернұр тек алға осы бетінен тайма 

  10. «Өмірімнің жартысы болмаса да,

    інілер көңілімнің бөлшегі еді» деп тұрған ағаның жағасына жармасу айтыс мәдениетіне де, адамдыққа да томпақ. Айтысты ұрыспен шатастырмау керек. Қарсыласын жеңу үшін кедейлігін, шыққан тегін, елін, жерін, күйеуі мен қатын-баласын кемсітіп бетке басатын заманнан әлде қашан өтіп кеттік емес пе?! Салғыласу, шарпысу, тәсіл қолданудың да деңгейі болады.

    "Тəуелсіздік" деп атауын өзгертіпті,

    Таранды айналдырып бас құрбанға.

    Герценді Қобыланды батыр қылды,

    Ел үшін айналып ед(і) рас құрбанға.

    Таран менен Герценді əлі атайды екен,

    Неліктен қала жұрты жатсынбауда?
    Тізесі шыққан тақырып екенін былай қойғанда, мұндағы ала-құла сөздерді қайда қоямыз? «Құрбан» дейтіндей Таран қайбір қимасымыз еді? «Рас құрбанға» айналып тұр дегені кім? Герцен бе, Қобыланды ма? Қазақта «неліктен жатсынбауда?» деген сұрақ қойылатын ба еді?

     «Бас құрбанға,

    рас құрбанға,

     жатсынбауда,

    жақ сынған ба,

    жас тұнған ба,

    қасқырларға,

    жақсымды алға,

    дос қылған ба,

    қош қылған ба,

    қос тыңнан да,

    Жатсыңдар ма, деген «ұйқаспен» шұбырта» беру – айтыстың деңгейіне сын. Ернұрдың көпшілікке «өткір» болып көрінген кей түйіндерінен «Маржан сөздің» «исі» шығады. Тиісінше, Марғұлан тың ұйқастар қолданған. «Жүргенде бауырыңды күстәналап, Кетпесін сыртымыздан дұшпан орап. Онсыз да дінімізді дүдәмал қып, Көбейді қаба сақал, қысқа балақ. Қазақтың қазанының қақпағы ашық, Болған соң ит те қонақ, құс та қонақ. Қонақжай, дархандығын пайдаланып, Кетеді келімсектер ішті аралап. Мұндайға бой алдырмас тектілік пен Рухымызда бар еді күш ғаламат. Жастарымның ішіне жын кіргізіп, Сананы улап, арбаған мыстан-арақ. Аузын – ошақ, мұрынын – мұржа қылып, Темекіден кеудесін ыс қамалап. Неліктен әбестікке әуес болдық, Алғандай атасынан істі аманат. Адамға Алла артық қып ақыл берді, Самғасын деп бергендей құсқа қанат» дегені маған ұнады. Уағыз түрінде қолданса болғандай екен. Алайда, «Аламанда» Меліс Қосымбаевпен айтысқан тәжірибелі ақынға «"Ұстазымнан оздым" деп мына бала, Енді менің басыма өршеледі» деу жараспайды. «Өршеленді» дей салса өлең ұйқасы одан бұзылмас еді. «Сіздерде де шымшитын қалмаған бет!» дегені де оғаштау. Сондай-ақ, екі ақында да «артық» әріптерді жақшаға алған жерлері көп. Жазба айтыста мұндай кемшілік жібермеу керек. Мен үшін шектен шыққан болып көрінген біраз жәйтті термей-ақ қояйын. Сосын тағы бір айта кететін нәрсе «Тарлан» сөзіне қатысты. Тарлан – жылқының түсін білдіреді. Боз, бурыл, баран деген тәрізді. (Табаны тарлан боздың гулер желдей деген ән сөзін еске алыңыз.) Тарлан тартты деп жасы келіп, сақал-шашы ағарған адамды айтады. «Ернұрдай қаша қоймас жас тарланы» деген сөзі мағынасын ашсақ «Ернұрдай қаша қоймас жас ақсақалы» болып шығады. Ақындар үшін тіл тазалығы, әр сөзді орнымен қолдану ең басты талап болуға тиісті.

    Қалам ұстап, сөз ұштаған жанға «жас-кәрі» деген «кешірім» жүрмесе керек. СӨЗ алдында, ӨНЕР алдында бәрі жауапты.  

     «Өлеңді айт дегенде айтқан қызық, болмайды өлең айтқан кісі бұзық» дейді қазақтың қара өлеңі. Өнерге жақын жастар азайып кеткен уақытта Ернұр сияқты жас талаптың шығуы қуантады. Бірақ, айтысу, өлең өру – «ит қырылған жылғы» «проблеманы» езіп, мақал-мәтелді ұйқасқа келтіріп ұра беру емес екенін ескерткім келеді. Жеңімпазды анықтау қазылардың міндеті. Менің көңіл таразымда ақынның мықтылығы елшілдігімен өлшенеді.  

  11. Жырсүйер:

    Абылай, тезге салып тұрып керемет сараптапсыз! Негізінде, әуел баста ұйымдастырушылар сіз секілді тәуелсіз сарапшылар тағайындауы керек еді. Шешім шығарылмай тұрып, осындай объективті пікірлер айтылып отырғанда, жазба айтыстың ашықтығы, әділдігі көзге ұрар ма еді! Әйтпесе, қазылардың өзі жеңімпазды қалай анықтап жатқаны туралы пікір айтпайды. Оның үстіне, айтыс басталғалы бері газетке де жөндемді талдамалы материал шыққан жоқ. "Кім не айтты? Ұтымды-ұтымсыз тұстары қардай? Деңгейі ше?" деген сияқты сұрақтарға жауап қатылып отыруы керек еді. Сіздің мына жазбаңызға қарап ойға түскен соң айтып отырғаным ғой. Мойындау керек, келтірген уәждеріңіздің бәрі дөп! Мынау жас балалардың этика-эстетикадан мақұрымдығы "әттеген-ай" дегізеді. Өздерінің бет бақтырмайтын бетпақтықтарын қайтерсің және?! Тәрбие жоқ. Тәрбие жоқ жерде өнерің де, білімің де көлге барып жауған жаңбырмен тең емес пе! Қостанайдың 5-6 көрермені бар сахнасында айтысып жатса бір жөн. Құдай-ау, мұны интернет арқылы мұқым ел, керек десең, көршідегі қандастар қарап отыр ғой. Сүйекке таласқандай ырылдасқаннан не ұтпақ екен? Ернұр біресе сыйлап, біресе боқтап, мың құбылып, шеңбірек ата берді. Көз сүрінетін кемшіліктерін де теріп беріпсіз. Ұйқасқанның бәрі өлең еме қой. Сөзсіз, бұл айтыста тәжірибе алға озып тұр,Марғұлан сауатты жазды. Формалық та, мазмұндық жағынан да. Жеңіс соған берілуі тиіс. Керісінше жағдай орын алып жатса, енді көрмегенім осы айтыс болсын. Әділетсіздіктен онысыз-ақ та "ықылық атып" жүрмін…

  12. Ғасыр:

    Абылай ақын жақсы талдапты,

    Марғұланның да,Ернұрдың да кем кетігін көрсеткен.Болар баланың бетін қақпа,белін бу дегені барғой қазақтың.Ернұрдың жасында бұлай топ жарып,үлкендермен үзеңгі қағысу екінің бірінің қолынан келе бермес.Марғұлан тəжірибелі ақын бола тұра,ондай қателіктер жіберуі үлкен сын.Ал Ернұрдың тайсалмайтындығы көз сүйсіндіреді.Қателектеріде көзге оғаш боп тұрған жоқ,жас болсада айтысқа машықтанып алғаны соқыр адамғада көрініп тұр.Сондықтан басымды деп жеңісті Ернұрға берсе,елде қуанатыны анық.Алдағы уақытта аз маз қатесі түзеліп тəуір ақын болатыны көрініп тұр.Ернұр алға.бағытыңнан тайма.Жеңіс сенің еншіңде қалуы керек.

  13. Аноним:

    Жарайсың Ернұр…

  14. Айнұр:

    Ернұрдың талабы таудай екен,оқып отырып біздің өңірде Ернұрдай жас баланың бары бізге үлкен қуаныш тудырды.Алдағы уақытта үлкен экраннан көріп қаларымыз анық сияқты.дегенмен осындай айтыстардан баланың бетін қақпаса,жолын кеспесе екен дейміз.қанаты қайырылып жігері жасып қалмасына кім кепіл.Марғұланмен үзеңгілесе отырып,бірінші-екінші кезекте ,үшінші кезектеде басымдылығы айқын көрініп тұр Ернұр ініміздің.Егерде Ернұрдың жолын кесіп жатса,айтыстағы əділетсіздік былай тұрсын,үлкен өнерге қастандық жасағынымен пара пар болады.Адамгершілік тұрғысынанда жат нəрсе болады.Ернұрдай жас айтыскері бар өңірдің,алдағы уақытта байрағы желбірейтіні анық.Алла жолын оңғарып,сəттілік тілейміз.

  15. Айнұр:

    Ернұр жарайсың!

  16. Марғұлан:

    Біздідің айтысымыздан көрі, Жырсүйер мен Ғасырдың айтысы қызығырақ болғалы тұрған сияқты.

  17. Epнұр жарайсың! 

  18. Тəрбие көрмеген дегені артық сіздіңде,жыр сүйердіңде.Тəрбие əке қанымен,ана сүтімен келетін нəрсе.Сондықтан айтыс басқа нəрсе өмір басқа нəрсе.Бұл жөн білетін аға апалар үшін ең өрескелі.

Добавить комментарий для Ғасыр Отменить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован.

↓